Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуi

Мәртебелi қауым!

Құрметтi ханымдар мен мырзалар!

Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықтың мәртебелi миссиясын Қазақстан аса зор жауапкершiлiк сезiмiмен қабылдайды.  

Бiздiң елiмiз төрағалықты қазiргi заман тарихының аса күрделi бiр кезеңiнде қолына алып отыр.

Дүниежүзiлiк қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан әлемнiң жаһандық құрылымында тектоникалық өзгерiстер орын алуда, бұл үдерiс әлi де аяғына жеткен жоқ.

Жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимiнiң дағдаруы, лаңкестiк, гуманитарлық және экологиялық апаттар, аштық, кедейшiлiк, түрлi эпидемиялар, энергетика ресурстарының азаюы, ұлтаралық және дiнаралық қақтығыстар – мiне, бүгiнгi адамзат өркениетi душар болып отырған осындай қатерлердiң тiзiмiн одан әрi жалғастыра беруге болады. Бұлармен күрес жүргiзу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көпқырлы және беделдi институттардың бар күш-жiгерiн жұмсауын қажет етедi.

 Сөз жоқ, әлемдiк ахуал ЕҚЫҰ-ға төрағалық етушi ел ретiнде Қазақстанның алдында тұрған сынақты күрделендiре түседi. Алайда, бүгiнде ЕҚЫҰ алдындағы шешiлуi тиiс ең өзектi түйткiлдер бiздiң елiмiздiң сыртқы саясатының күн тәртiбiнде әрдайым орын алуда.

Қазақстан тәуелсiздiгiн алған сәттен бастап өңiрлiк және жаһандық қауiпсiздiктi нығайтуға нақты үлесiн қосып келедi.  

Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнiнен әлемдегi төртiншi зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою елiмiз үшiн тарихи шешiм болғаны белгiлi.

Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттiң халықаралық күнi ретiнде жариялау туралы қарар қабылдады.

Қазақстан өңiрлiк және бүкiләлемдiк экономикалық үдерiстерге жауапты қатысушы ретiнде өз рөлiн толық сезiнедi.

Әлемдiк нарыққа көмiрсутегi шикiзаттарының күннен-күнге арта түскен мөлшерiн сыртқа шығара отырып, бiздiң елiмiз дүниежүзiнiң, соның iшiнде Еуропаның энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда.  

Астық және өзге де азық-түлiк түрлерiнiң iрi экспорттаушысы ретiнде Қазақстан БҰҰ-ның Аштықтың алдын алу және әлемдегi азық-түлiк қауiпсiздiгi түйткiлдерiн шешу бағытындағы Мыңжылдық мақсаттарын орындауға белсене атсалысуда.

Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары Кеңесiн шақыру жөнiндегi бастамасы қазiргi уақытта Азия құрлығындағы ынтымақтастық пен қауiпсiздiктiң көпқырлы бiрегей құралына айналды.

Бүгiнгi таңда ЕҚЫҰ-ның Азиядағы өзiндiк баламасындай болған бұл форум әлемдiк жалпы iшкi өнiм өндiрiсiнiң үштен бiрiн қамтамасыз ететiн, жалпы тұрғындарының саны 3 миллиард адамды құрайтын елдердiң басын қосуда.

Қазақстан үшiн Орталық Азияның тұрақты дамуы – аса маңызды басымдықтың бiрi. Елiмiздiң экономикасының дамуы бүкiл өңiрге оң ықпалын тигiзуде.  

ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерiмен бiрге Қазақстан қазiргi әлемдiк құрылымның түйiндi мәселелерiнде Шығыс пен Батыстың арасын түсiнiстiк арқылы жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарды жан-жақты қолдайды.

Бiздiң елiмiз сан алуан ұлттар мен дiндер өкiлдерiнiң мекенi болуымен ерекшеленедi.

Қазақстанда 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкiлдерi бiр шаңырақ астында татулықта тұрады.

 Бiздiң этносаралық және дiнаралық келiсiм жөнiндегi өнегелi үлгiмiз – сан алуан конфессиялардың өзара әрекеттестiгiнiң бүкiләлемдiк үдерiсiне Қазақстанның қосқан нақты үлесi. Менiң бастамам бойынша 2003 жылдан берi Астанада конфессияаралық үнқатысудың бiрегей форумына жан бiтiрген Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының үш съезi болып өттi.

Құрметтi ханымдар мен мырзалар!

Кең географиялық ауқымын, қатысушы мемлекеттердiң өзара әрекеттестiгi тәжiрибесi мен жақсы жолға қойылған жұмыс тәсiлдерiн ескере отырып, бiз ЕҚЫҰ-ны халықаралық ынтымақтастық пен қауiпсiздiктiң маңызды тетiктерiнiң бiрi деп санаймыз. Ұйым Ванкуверден Владивостокқа дейiнгi ұлан-ғайыр кеңiстiктегi қауiпсiздiк архитектурасына қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарды және атқарып келедi.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның оңды тарихи ресурсының да өз шегi бар.

Бүгiнгi таңда сенiмге сызат түсiретiн және бiтпейтiн қандай да бiр «қызыл шектер», «нөлдiк сомамен ойнау» тәжiрибелерiн жалғастыруға жол беруге болмайды.

Халықаралық ұйымдардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн жаһандық жаңа қатерлерге сәйкестендiрiп, арттыру мәселесi бiрiншi кезекке шыға бастады. Нақ осындай мiндет үнқатысудың бiрегей алаңы саналатын, ғаламшарымыздың үш құрлығындағы 56 мемлекеттi бiрiктiретiн ЕҚЫҰ-ның да алдында тұр.

ЕҚЫҰ болашағын айқындайтын сауал мынадай: ұйым ХХI ғасыр әлемiнiң саналуандығын мойындайтын құрылым ретiнде бой көрсете ала ма, әлде «Венадан шығысқа қарай» кеңiстiктен дәстүрлi Батыс дараланып тұратын, блоктарға жiктелген ұйым болып қала бере ме?

Әлемдiк демократиялық қоғамдастыққа жиырма жылдай уақыт бойы кiрiгiп келе жатсақ та, ЕҚЫҰ-дағы кейбiр әрiптестерiмiздiң санасы әлi «бұрынғы кеңестiк республикалар» туралы жаңсақ түсiнiктерден арыла қойған жоқ.  

Осы ретте, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көрсеткен сенiмi Қазақстан үшiн ерекше мәнге ие.

Демократиялық қоғам орнату – бiздiң халқымыздың саналы таңдауы, сондықтан бiз елiмiздiң одан әрi саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын одан әрi арттыруды жалғастырамыз.

ЕҚЫҰ төрағалығы бiздiң елiмiзде тек сыртқы саяси табыс қана емес, жалпыұлттық ауқымдағы құндылық ретiнде қабылданады.

ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бiз төрағалық ететiн елдiң мазмұнды бiрiздiленуiн бiлдiретiн Iсбасындағы төрағалық ұранын жария етемiз.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» — «траст» (сенiм), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзiмдiлiк) болады.   

Бiрiншiсi,  бiр-бiрiмiзге деген бiзге аса қажеттi сенiмдi бiлдiредi.

Екiншiсi, ЕҚЫҰ-ның негiзгi қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшiншiсi — халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жiктеу шектерiнен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттiк. Қауiпсiздiкке төнетiн қауiп пен қатерлердi еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал, төртiншiсi — бүгiнгi әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөнiндегi жаһандық трендтiң көрiнiс табуы.

ЕҚЫҰ-ның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде Қазақстан Ұйымды дамыту мәселесiнiң негiзi болып табылатын консенсустық алаңды нығайтуды және кеңейтудi қарастырады.  

ЕҚЫҰ саммитiнiң 10 жылдан бергi уақыттағы үзiлiсi Ұйымның консенсустық негiзi дағдарыс жағдайында болмаса да, тоқырау ахуалында тұрғанын аңғартады.

Осыған байланысты бiз ЕҚЫҰ-ға мүше елдердi 2010 жылы жоғары деңгейдегi кездесудi шақыру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырамыз.

ЕҚЫҰ елдерi көшбасшыларының кездесуi Хельсинки Қорытынды актiсiнiң 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Саммит үшiн ЕҚЫҰ-ның жауапкершiлiгi аймағындағы қауiпсiздiктiң көкейкестi проблемалары, Ауғанстандағы жағдай және толеранттылық мәселелерi мазмұнды толықтыру бола алар едi.

Нақ бүгiн ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көшбасшылары саяси ерiк-жiгер танытып, өз халықтарының алдында тұрған күрделi де түйiндi мәселелерге жауап беретiн уақыт келдi.

Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауiп-қатерлердiң алдын алуға бейiмделуiне қуатты қарқын берiп қана қоймай, сонымен қатар бiздiң халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенiмi мен құрметiн де арттыра түседi.

Түптеп келгенде, өздерiн сайлаған халықтардың игiлiгi мен өркендеуi жолындағы ынтымақтастық пен қауiпсiздiктi нығайтуға күш салу – мемлекет және үкiмет басшыларының тiкелей мiндетi.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ бүгiнде ештеңемен алмастырылмайтын Ұйым болып табылады.   

Оның тоқырауы немесе жойылып кетуi еуро-атлантикалық кеңiстiктегi өте қауiптi вакуумның пайда болуына әкелiп соққан болар едi.

Осы ретте, Хельсинки Қорытынды актiсiне қол қойылған 1 тамызды — Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы күнi деп жариялау туралы   ұсынысты қарауды ұсынамын.

Төрағалықтың басымдығына қатысты Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық үш «себетi» арасында оңтайлы тепе-теңдiктi сақтауға көңiл бөлуге тырысатынын атап өткiм келедi. Осындай ұстаным мәселелердi кешендi түрде көруге, қазiргi заманғы сыртқы қауiп-қатерлердiң пайда болуына тиiмдi түрде қарсы тұрып қана қоймай, олардың пайда болу көздерiн табуға да мүмкiндiктер туғызады.

Сөз соңында Қазақстан Iсбасындағы төраға ретiнде ЕҚЫҰ-ның негiзгi қағидаттары мен құндылықтарын берiк ұстанатынын атап айтқым келедi.            

Бiз Ұйымға мүше барша елдердiң мүдделерiне өзара тиiмдi шешiмдердi табу ниетiндемiз.

Қазақ халқында «Бiрлiк болмай – тiрлiк болмас» деген даналық сөз бар.

Бiздiң елiмiз XXI ғасырдағы ЕҚЫҰ-ны оның ауқымындағы барша халықтар үшiн демократияның, тұрақтылық пен өркендеудiң бiртұтас кеңiстiгi ретiнде қарастырады.

Назарларыңызға рахмет. Жаңа жылда мол табыстар тiлеймiн.

Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ның төрағалық қызметiне кiрiсуiне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуi

Мәртебелi қауым!
Құрметтi ханымдар мен мырзалар!

Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалықтың мәртебелi миссиясын Қазақстан аса зор жауапкершiлiк сезiмiмен қабылдайды.  

Бiздiң елiмiз төрағалықты қазiргi заман тарихының аса күрделi бiр кезеңiнде қолына алып отыр.

Дүниежүзiлiк қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан әлемнiң жаһандық құрылымында тектоникалық өзгерiстер орын алуда, бұл үдерiс әлi де аяғына жеткен жоқ.

Жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимiнiң дағдаруы, лаңкестiк, гуманитарлық және экологиялық апаттар, аштық, кедейшiлiк, түрлi эпидемиялар, энергетика ресурстарының азаюы, ұлтаралық және дiнаралық қақтығыстар – мiне, бүгiнгi адамзат өркениетi душар болып отырған осындай қатерлердiң тiзiмiн одан әрi жалғастыра беруге болады. Бұлармен күрес жүргiзу ЕҚЫҰ сияқты қызмет аясы көпқырлы және беделдi институттардың бар күш-жiгерiн жұмсауын қажет етедi.

 Сөз жоқ, әлемдiк ахуал ЕҚЫҰ-ға төрағалық етушi ел ретiнде Қазақстанның алдында тұрған сынақты күрделендiре түседi. Алайда, бүгiнде ЕҚЫҰ алдындағы шешiлуi тиiс ең өзектi түйткiлдер бiздiң елiмiздiң сыртқы саясатының күн тәртiбiнде әрдайым орын алуда.

Қазақстан тәуелсiздiгiн алған сәттен бастап өңiрлiк және жаһандық қауiпсiздiктi нығайтуға нақты үлесiн қосып келедi.  

Семей ядролық полигонының жабылуы, қуаты жөнiнен әлемдегi төртiншi зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымын толықтай жою елiмiз үшiн тарихи шешiм болғаны белгiлi.

Таяуда Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттiң халықаралық күнi ретiнде жариялау туралы қарар қабылдады.

Қазақстан өңiрлiк және бүкiләлемдiк экономикалық үдерiстерге жауапты қатысушы ретiнде өз рөлiн толық сезiнедi.

Әлемдiк нарыққа көмiрсутегi шикiзаттарының күннен-күнге арта түскен мөлшерiн сыртқа шығара отырып, бiздiң елiмiз дүниежүзiнiң, соның iшiнде Еуропаның энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қомақты үлес қосуда.  

Астық және өзге де

азық-түлiк түрлерiнiң iрi экспорттаушысы ретiнде Қазақстан БҰҰ-ның Аштықтың алдын алу және әлемдегi азық-түлiк қауiпсiздiгi түйткiлдерiн шешу бағытындағы Мыңжылдық мақсаттарын орындауға белсене атсалысуда.

Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары Кеңесiн шақыру жөнiндегi бастамасы қазiргi уақытта Азия құрлығындағы ынтымақтастық пен қауiпсiздiктiң көпқырлы бiрегей құралына айналды.

Бүгiнгi таңда ЕҚЫҰ-ның Азиядағы өзiндiк баламасындай болған бұл форум әлемдiк жалпы iшкi өнiм өндiрiсiнiң үштен бiрiн қамтамасыз ететiн, жалпы тұрғындарының саны 3 миллиард адамды құрайтын елдердiң басын қосуда.

Қазақстан үшiн Орталық Азияның тұрақты дамуы – аса маңызды басымдықтың бiрi. Елiмiздiң экономикасының дамуы бүкiл өңiрге оң ықпалын тигiзуде.  

ЕҚЫҰ-ның өзге де мемлекеттерiмен бiрге Қазақстан қазiргi әлемдiк құрылымның түйiндi мәселелерiнде Шығыс пен Батыстың арасын түсiнiстiк арқылы жақындастыруға бағытталған ұмтылыстарды жан-жақты қолдайды.

Бiздiң елiмiз сан алуан ұлттар мен дiндер өкiлдерiнiң мекенi болуымен ерекшеленедi.

Қазақстанда 140 этнос пен 40-тан астам конфессия өкiлдерi бiр шаңырақ астында татулықта тұрады.

 Бiздiң этносаралық және дiнаралық келiсiм жөнiндегi өнегелi үлгiмiз – сан алуан конфессиялардың өзара әрекеттестiгiнiң бүкiләлемдiк үдерiсiне Қазақстанның қосқан нақты үлесi. Менiң бастамам бойынша 2003 жылдан берi Астанада конфессияаралық үнқатысудың бiрегей форумына жан бiтiрген Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының үш съезi болып өттi.

Құрметтi ханымдар мен мырзалар!

Кең географиялық ауқымын, қатысушы мемлекеттердiң өзара әрекеттестiгi тәжiрибесi мен жақсы жолға қойылған жұмыс тәсiлдерiн ескере отырып, бiз ЕҚЫҰ-ны халықаралық ынтымақтастық пен қауiпсiздiктiң маңызды тетiктерiнiң бiрi деп санаймыз. Ұйым Ванкуверден Владивостокқа дейiнгi ұлан-ғайыр кеңiстiктегi қауiпсiздiк архитектурасына қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарды және атқарып келедi.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның оңды тарихи ресурсының да өз шегi бар.

Бүгiнгi таңда сенiмге сызат түсiретiн және бiтпейтiн қандай да бiр «қызыл шектер», «нөлдiк сомамен ойнау» тәжiрибелерiн жалғастыруға жол беруге болмайды.

Халықаралық ұйымдардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн жаһандық жаңа қатерлерге сәйкестендiрiп, арттыру мәселесi бiрiншi кезекке шыға бастады. Нақ осындай мiндет үнқатысудың бiрегей алаңы саналатын, ғаламшарымыздың үш құрлығындағы 56 мемлекеттi бiрiктiретiн ЕҚЫҰ-ның да алдында тұр.

ЕҚЫҰ болашағын айқындайтын сауал мынадай: ұйым ХХI ғасыр әлемiнiң саналуандығын мойындайтын құрылым ретiнде бой көрсете ала ма, әлде «Венадан шығысқа қарай» кеңiстiктен дәстүрлi Батыс дараланып тұратын, блоктарға жiктелген ұйым болып қала бере ме?

Әлемдiк демократиялық қоғамдастыққа жиырма жылдай уақыт бойы кiрiгiп келе жатсақ та, ЕҚЫҰ-дағы кейбiр әрiптестерiмiздiң санасы әлi «бұрынғы кеңестiк республикалар» туралы жаңсақ түсiнiктерден арыла қойған жоқ.  

Осы ретте, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көрсеткен сенiмi Қазақстан үшiн ерекше мәнге ие.

Демократиялық қоғам орнату – бiздiң халқымыздың саналы таңдауы, сондықтан бiз елiмiздiң одан әрi саяси либералдануы бағыты мен қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын одан әрi арттыруды жалғастырамыз.

ЕҚЫҰ төрағалығы бiздiң елiмiзде тек сыртқы саяси табыс қана емес, жалпыұлттық ауқымдағы құндылық ретiнде қабылданады.

ЕҚЫҰ-да қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бiз төрағалық ететiн елдiң мазмұнды бiрiздiленуiн бiлдiретiн Iсбасындағы төрағалық ұранын жария етемiз.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» — «траст» (сенiм), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзiмдiлiк) болады.   

Бiрiншiсi,  бiр-бiрiмiзге деген бiзге аса қажеттi сенiмдi бiлдiредi.

Екiншiсi, ЕҚЫҰ-ның негiзгi қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшiншiсi — халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жiктеу шектерiнен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттiк. Қауiпсiздiкке төнетiн қауiп пен қатерлердi еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал, төртiншiсi — бүгiнгi әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөнiндегi жаһандық трендтiң көрiнiс табуы.

ЕҚЫҰ-ның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде Қазақстан Ұйымды дамыту мәселесiнiң негiзi болып табылатын консенсустық алаңды нығайтуды және кеңейтудi қарастырады.  

ЕҚЫҰ саммитiнiң 10 жылдан бергi уақыттағы үзiлiсi Ұйымның консенсустық негiзi дағдарыс жағдайында болмаса да, тоқырау ахуалында тұрғанын аңғартады.

Осыған байланысты бiз ЕҚЫҰ-ға мүше елдердi 2010 жылы жоғары деңгейдегi кездесудi шақыру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырамыз.

ЕҚЫҰ елдерi көшбасшыларының кездесуi Хельсинки Қорытынды актiсiнiң 35 жылдығын, Париж хартиясының 20 жылдығын және Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өту мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Саммит үшiн ЕҚЫҰ-ның жауапкершiлiгi аймағындағы қауiпсiздiктiң көкейкестi проблемалары, Ауғанстандағы жағдай және толеранттылық мәселелерi мазмұнды толықтыру бола алар едi.

Нақ бүгiн ЕҚЫҰ-ға мүше елдердiң көшбасшылары саяси ерiк-жiгер танытып, өз халықтарының алдында тұрған күрделi де түйiндi мәселелерге жауап беретiн уақыт келдi.

Саммит ЕҚЫҰ-ның осы заманғы қауiп-қатерлердiң алдын алуға бейiмделуiне қуатты қарқын берiп қана қоймай, сонымен қатар бiздiң халықтарымыздың осы Ұйымға деген сенiмi мен құрметiн де арттыра түседi.

Түптеп келгенде, өздерiн сайлаған халықтардың игiлiгi мен өркендеуi жолындағы ынтымақтастық пен қауiпсiздiктi нығайтуға күш салу – мемлекет және үкiмет басшыларының тiкелей мiндетi.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ бүгiнде ештеңемен алмастырылмайтын Ұйым болып табылады.   

Оның тоқырауы немесе жойылып кетуi еуро-атлантикалық кеңiстiктегi өте қауiптi вакуумның пайда болуына әкелiп соққан болар едi.

Осы ретте, Хельсинки Қорытынды актiсiне қол қойылған 1 тамызды — Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы күнi деп жариялау туралы   ұсынысты қарауды ұсынамын.

Төрағалықтың басымдығына қатысты Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық үш «себетi» арасында оңтайлы тепе-теңдiктi сақтауға көңiл бөлуге тырысатынын атап өткiм келедi. Осындай ұстаным мәселелердi кешендi түрде көруге, қазiргi заманғы сыртқы қауiп-қатерлердiң пайда болуына тиiмдi түрде қарсы тұрып қана қоймай, олардың пайда болу көздерiн табуға да мүмкiндiктер туғызады.

Сөз соңында Қазақстан Iсбасындағы төраға ретiнде ЕҚЫҰ-ның негiзгi қағидаттары мен құндылықтарын берiк ұстанатынын атап айтқым келедi.

Бiз Ұйымға мүше барша елдердiң мүдделерiне өзара тиiмдi шешiмдердi табу ниетiндемiз.

Қазақ халқында «Бiрлiк болмай – тiрлiк болмас» деген даналық сөз бар.

Бiздiң елiмiз XXI ғасырдағы ЕҚЫҰ-ны оның ауқымындағы барша халықтар үшiн демократияның, тұрақтылық пен өркендеудiң бiртұтас кеңiстiгi ретiнде қарастырады.

Назарларыңызға рахмет. Жаңа жылда мол табыстар тiлеймiн.






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті