Сотқа талап арызды және басқа да жолданымдарды беру
Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген ережелерге сәйкес, кез келген мүдделі адам, егер оның құқығы бұзылса немесе дауға түссе немесе заңмен қорғалатын мүддесі бұзылса, заңмен белгіленген тәртіппен, сотқа талап арыз түсіруге арыз жазуға немесе шағым беруге
Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Заңды тұлғаға талап заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша қойылады.
Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.
Талап арызға:
· жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
· мемлекеттік баж төлеуді растайтын қүжат;
· өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
· талапкер өз талаптарын негіздейтін мән жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
· оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
· талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтінімі және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Ақпарат көзі: е-gov.kz\Адам құқын қорғау\Мемлекеттік органдарға шағым түсіру тәртібі














