Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
А.И. Мырзахметов
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтарымен, өзге де нормативтік құқықтық кесімдермен белгіленген өкілеттіктері мен құзыретіне сәйкес облыс аумағында атқарушы билікті іске асырады.
Әкім Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметі кесімдерінің сөзсіз орындалуын, өңірлік мүдделердің жалпы мемлекеттік мүдделермен дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыстың мүдделерін білдіреді.
2. Облыстың жергілікті атқарушы органының басшысы ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі облыстық өкілді органның қарауына заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық кесімдерді енгізеді.
3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстағы атқарушы органдар жүйесін қалыптастыруды іске асырады, кадрлық саясат, жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелеріне қарайды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары аумақтық органдарының өзара іс-қимылын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада көзделген жағдайларда өңір проблемаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде, орталық атқарушы органдарда шешілуіне ықпал етеді, өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметте облыстың мүдделерін білдіреді және өңіраралық байланыстардың дамуына ықпал етеді.
5. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар саласында жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, салық және бюджеттік әкімшілік жүргізу, қаржылық бақылау және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша аумақтық органдарды үйлестіруді және олармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.
6. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын ұйымдастырады, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлікке, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың іске асуын үйлестіреді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерін іске асыру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды.
7. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшілерді (облыс әкімінің бірінші орынбасарын, облыс әкімінің орынбасарларын, облыс әкімі аппаратының басшысын, облыс қалалары мен аудандарының, Шымкент қаласындағы аудандардың әкімдерін), облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
Облыс әкімі болмаған жағдайда, оның өкілеттіктерін облыс әкімінің бірінші орынбасары жүзеге асырады.
8. Мыналардың:
1) облыс әкімі орынбасарларының;
2) облыс әкімі аппараты басшысының;
3) Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары әкімдерінің, облыс аудандары, Шымкент қаласындағы аудандар әкімдерінің қызметіне тікелей басшылық етеді.
9. Мыналармен:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментімен;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен;
3) прокуратурамен (облыстық, көлік және әскери);
4) облыстық сотпен;
5) Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментімен;
6) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен (қаржы полициясы) өзара іс-қимыл жасайды.
10. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа қарсы күрес саласындағы жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады.
11. Мыналарды:
1) облыс әкімдігін;
2) Қазақстан халқының Оңтүстік Қазақстан облыстық кіші ассамблеясын;
3) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияны;
4) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесін басқарады.














