
Жылқышиев Бәйділдә
Жылқышиев Бәйділдә 1952 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына қарасты Корниловка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Қазақ ауылшаруашылық институтын (1974ж.) ғалым агроном мамандығы бойынша тәмәмдаған.
1984 жылдың тамыз айынан бастап – облыстық ауылшаруашылық станциясының совхоз-техникумының оқытушысы, Шымкент облысы Сайрам ауданы.
1980 жылдың наурыз айынан бастап – «Ауылшаруашылықхимия» бірлестігінің ауданаралық базасының аға агрономы, Шымкент облысы Сайрам ауданы.
1981 жылдың мамыр айынан бастап – облыстық агроөнеркәсіп бірлестігі егіншілік бөлімінің бас агрономы, Шымкент қаласы.
1982 жылдың желтоқсан айынан бастап – облыстық агроөнеркәсіп бірлестігі егіншілік бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы.
1984 жылдың мамыр айынан бастап – облжоспар төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы.
1987 жылдың наурыз айынан бастап – Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы.
1988 жылдың желтоқсан айынан бастап – Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің аграрлық бөлімінің нұсқаушысы.
1989 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Компартиясы Шымкент облысы Келес аудандық комитетінің екінші хатшысы.
1991 жылдың наурыз айынан бастап – Қазақстан Компартиясы Оңтүстік Қазақстан облысы Келес аудандық комитетінің бірінші хатшысы, аудандық Халық депутаттарының кеңесі мен атқарушы комитеттің төрағасы.
1993 жылдың желтоқсан айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Келес аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
1997 жылдың сәуір айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары.
1998 жылдың мамыр айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары.
1999 жылдың тамыз айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі.
2002 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі.
2006 жылдың қаңтар айынан бастап қазірге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.














