Азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу
Мемлекеттік қызмет аумақтық әділет органдарымен (қаланың, ауданның) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.
Тұратын жері бойынша тіркеуге Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе тұрақты тұруға шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі; құжаттарды тапсырған кезде кезекте күту уақыты 40 минуттан аспайды.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін азаматтар келесі құжаттарды ұсынады
- Тұрғын үй меншік иесінің келісімі бар тіркеу туралы өтініш;
- белгіленген тәртіпте тұрғын үйді жеке меншіктеріне сатып алғандығынрастайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде негіздер бойынша тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін құжаттар;
- азаматтарды тiркеу кітабы;
- бұрынғы тұрған жерiнен мекен-жайлық кету парағы;
- жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейінгі балаларға – туу туралы куәлік).
- әскери міндеттілер, әскери басқарманың жергілікті органдарының әскери
- есепке алу белгісі бар әскери билеті (әскерге шақырылатындар үшін
- тіркеу куәлігі).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет аптаның алты күнінде, жексенбіні қоспағанда,белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде,алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Дайын құжаттарды тұтынушыға беру Орталық инспекторымен «терезе»арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда,Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді.
Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктерді анықтаған жағдайда, құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді. Орталық бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту
себебінің жазбаша негіздемесін береді.
Тіркеуден шығару
Мемлекеттік қызмет аумақтық әділет органдарымен (қаланың, ауданның) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.
Тіркеуден басқа тұратын жеріне шығып кеткендер, сот үкімінің негізінде
бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сот шешімімен тұрғын үй-жайды
пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар жатады.
Азаматтарды тіркеу және тіркеуден шығару екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі; құжаттарды тапсырған кезде кезекте күту уақыты 40 минуттан аспайды.
Тіркеуден шығару тегін жүзеге асырылады.
Тіркеуден шығу үшін қажетті құжаттар:
тіркеу есебінен шығу туралы өтініш;
азаматтарды тiркеу кітабы (ол болмаған жағдайда – мекен-жай бюросынантіркеу туралы анықтама немесе мекен-жай бюросы жоқ жерде әділет органының анықтамасы);
жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (он алты жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі). Құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін иесіне қайтарылады, көшірмесі – тіркеуден шығаруды жүзеге асырушы маманмен куәләндырылады, және iске тiгiледi;
әскери міндеттілер, сонымен қатар, әскери басқарманың жергілікті органдарының әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билетін (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәлік) немесе тіркеу куәлігі(әскерге шақырылатындар үшін) тапсыруы керек.Тіркеу куәлігінен, әскери билеттен (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәліктен) әскери есептен шығартуралы және азаматтың айқындама деректері бар парақтарының көшірмесі алынады. Құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан
кейін иесіне қайтарылады, көшірмесі – тіркеуден шығаруды жүзеге асырушы
маманмен куәләндырылады, және iске тiгiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет аптаның алты күнінде, жексенбіні қоспағанда,белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясытуралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Дайын құжаттарды тұтынушыға беру Орталық инспекторымен «терезе»арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда,
Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді.
Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктерді анықтаға жағдайда, құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып береді. Орталық бас тарту себебін алған соң өтініш берушіге оларды алған соң бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себебінің жазбаша негіздемесін береді.














