«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы"
мемлекеттік мекемесі
|
Басқарушының аты- жөні |
Сымтетік, |
Мекен -жай |
Электрондық байланыс |
|
|
Мауленов Бахит Рахматуллаұлы |
24 92 64 |
Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз а/о, Жұлдыз ауылы, Ленгір тас жолы, 7 км |
||
«Оңтүстік» АЭА-ын құру мақсаты ретінде Қазақстан Республикасының дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін алғышарттарды жасауға мүмкіндік беретін оның бәсекеге қабілеттігін арттыру және текстиль өнеркәсібін дамыту болып табылады.
«Оңтүстік» АЭА-ның негізгі міндеттері мыналар болып есептеледі:
• аумақтағы текстиль кәсіпорындарының ресурстарды (электр қуатын, газды, суды) тиімді қолдануына әсер ететін инженерлік жүргізілетін желілердің құрылысы;
• коммуникациялық инфрақұрылымдардың (автокөлік жолдары, темір жолдар, телефон желілері) құрылысы, қайта қалпына келтірілуі;
• «Оңтүстік» АЭА-ның мүмкіндіктері мен артықшылықтарын келешек инвесторларға таныстыруға бағытталған тұсау кесерлік және басқа жарнамалық іс-шараларды жүргізу;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында жоба құру мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық жобаларды сұрыптау талаптарын қалыптастыру;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында тігінен жинақталған құрылымға ие, жоғары технологиялық өндірістердің құрылысының есебінен шетелге шығаруға бағытталған өндірістердің құрылысын қамтамасыз ету;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында өндірілген отандық текстиль тауарларын дүниежүзілік тауар нарқына шығаруға қолдау көрсету;
• «Оңтүстік» АЭА-ның аумағындағы текстиль кәсіпорындарын қолдау үшін бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
• кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру.
АЭА:
- тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда, дайын бұйымдар өндірісін дамыту;
- Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру;
- дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркілерін өндірушілерді тарту;
- жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр-түрін көбейту мақсатында құрылады.
АЭА-ның аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) мақта-мата жіптерін және тоқыманың барлық түрін дайындау;
2) тоқыма өндірісі;
3) әрлеу-бояу өндірісі;
4) дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
5) трикотаж және шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру;
6) трикотаж пуловер, кардиган және соған ұқсас бұйымдарды өндіру;
7) арнайы киім шығару;
8) сырт киім шығару;
9) іш киім шығару;
10) өзге де киімдер мен керек-жарақтар шығару;
11) бизнес-жоспарларды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді, АЭА-ның аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын АЭА-ның қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру.
12) жібек маталар және олардың негізінде бұйымдар шығару,
13) маталық емес тоқыма материалдарын және олардың негізінде бұйымдар шығару,
14) кілемдер, кілем бұйымдарын және тұскілемдер шығару;
15) мақта целлюлозасын және оның туынды өнімдерін шығару;
16) мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығару;
17) былғарыдан жасалған бұйымдар шығару.














