Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал
жөніндегі қысқаша мәліметтер
Діни ұйымдардың сандық мәліметі
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі кезде 17 конфессияға енетін 847 діни бірлестік әрекет ететін болса, оның 756 исламдық бағыттағы, 91 исламдық емес бағыттағы діни бірлестіктер болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, облыс көлеміндегі заңды тұлға белгісі жоқ, саны аз діни топтар облыстық ішкі саясат басқармасында тіркеледі. Бүгінге тіркелгендердің саны 102. Олардың 96 исламдық, 6 исламдық емес бағыттағы саны аз діни топтар болып табылады.
Шетелдік миссионерлер жөнінде
Облыс көлемінде қазір 8 шетелдік миссионер жұмыс істейді. Оның 6-і Оңтүстік Корея (пресвитериандық-протестанттық бағытта), 1-і Аргентинаның (католиктік бағытта), 1-і Пәкстанның (исламдық бағытта) азаматтары. Оларға 6 ай сайын миссионерлік қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат куәлігі беріліп отырады. Бұл олардың жұмыстарын ұдайы бақылауда ұстап отыру үшін жасалған мәселе.
Ақпараттық бағыттағы жұмыстар
Облыс аумағында діни-танымдық бағытта «Рухани қазына», «Ислам нұры», «Ислам және дәстүр», «Кәлима», «Ислам насихаты» газеттері жарық көреді. Бұл басылымдарға облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жанынан құрылған діни сарапшылар тобы ұдайы шолу жасап отырады.














