Басқарма құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008 жылдың 29 желтоқсандағы № 499 жылғы «Қайта атау туралы» қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы болып қайта құрылды.
Облыс әкімдгінің қаулысына сәйкес, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан туризм бөлімі облыстық туризм, дене шынықтыру жәіне спорт басқармасына беріліп, туризмді дамыту және инфрақұрылым бөлімі болып қайта құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2009 жылдың 10 айында облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты 1 олимпиадалық дайындық орталығы, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернат, 15 мамандандырылған спорт мектептері, 5 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары, 1 «Ордабасы» футбол клубы» Акционерлік қоғамы жұмыс жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, спорт түрлерінен облыстың аға жаттықтырушылары мен Федерациялары басқарма алдында 2008 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, бірқатар аға жаттықтырушылар мен федерациялар президенттері қайта тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында спортшылардың халықаралық, республикалық спорттық іс-шараларға қатуына жұмсалатын қаржы шығындары карточка арқылы есеп айырысу тәсіліне өтуде. Бүгінгі күнге облыстың аға жаттықтырушыларымен толық материалдық жауапкершілік туралы Келісім-шарт түзілді.
Жоғары спорт шеберлері мен спорт резервін дайындау
Облыстағы спорт мамандарының жалпы саны 5358 адамды құрайды.
Жыл басынан бері өңірімізде дамытылып жатқан 44 ұлттық, Олимпиадалық және Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жаттықтырушылар кеңесі, облыстық спорт түрлері бойынша федерация мүшелерінің жиналысы өткізілді.
2009 жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі аралықта облыс спортшыларының көрсеткіштері 44 спорт түрі бойынша 90-нан аса Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 248 алтын, 221 күміс, 259 қола медальдарды жеңіп алса, ал, 8 Қазақстан Республикасының Кубогында 9 алтын, 12 күміс, 12 қола медальге қол жеткізген. Спорттың 19 түрі бойынша 41 Халықаралық жарыстарында облыс спортшылары 61 алтын, 67 күміс, 67 қола жеңіп отыр. Үстіміздегі жылдың 10 айында өткен Азия чемпионаттарында 52 алтын, 22 күміс, 24 қола медальдарды жеңіп алды.
2009 жылға арналған Қазақстан Республикасының спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында Азия және Әлем чемпионаттарын қоспағанда, облыстағы дамытылып отырған 44 спорт түрі бойынша 6000 мыңнан астам спорттық іс-шаралар бекітілген.
Осы жылдың 18 сәуірінен шілде айының ортасына дейінгі аралықта өткізілген Қазақстан Республикасының II Жастар спорттық ойындарына Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 30 спорт түрінен қатысты. Осылардың ішінен 7 спорт түрі – оқ ату, қабырғаға оқ ату, қазақ күресі, байдаркада және каноэде есу, дзюдо, спорттық гимнастика, құзға өрмелеу Шымкент қаласында өткізілді.
Оңтүстікқазақстандық спортшылар жарыс қорытындысы бойынша 769 ұпай санымен 2-ші орынды иеленді.
Ал, республикалық 4-ші «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары 2009 жылдың 19-27 шілдесі аралығында Петропавл қаласында өтті. Спорт түрлерінен Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасы 169,5 ұпаймен 3-ші орынды иеленді.
Алайда, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, көптеген өзекті мәселелер бар.
Өңірімізде дамытылып жатқан 44 ұлттық, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен оңтүстікқазақстандық спортшыларымыздың жарыстарға сапалы дайындалуы мен қатысуы үшін олармен оқу-жаттығу жиындары өткізілуі тиіс. Сонымен қатар, спортшыларымыз шеберлігін жетілдіру мен шыңдау үшін жарыстарға қатысып отыруы керек. Қазіргі таңда, облыстық бюджеттен бөлінген қаржының жетіспеуінен спорттық іс-шаралардың республикалық күнтізбелік жоспарында бекітілген халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік болмай отыр.
Материалдық-техникалық база
Облыстағы спорт ғимараттарының жалпы саны – 3433.
Оның ішінде: 1500 орындықтан жоғары стадиондар – 21, спорт кешендері – 26, жүзу бассейндері – 18, спорт сарайы – 1 (реконструкция жүргізілуде), спорт залдары – 622, ипподром – 2, теннис корттары – 16, спорт алаңдары (футбол,волейбол,баскетбол және т.б. ойын алаңдары)– 2394.
Қазақстан Республикасы құрылыс бойынша Комитетімен бекітілген ауылдық жерлерді қамтамасыз ету нормативтеріне сәйкес, облыс тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту мақсатында негізгі спорт ғимараттарымен қамтамасыз ету келесі пайызды құрайды: стадиондар бойынша – 50 пайыз, спорт кешендері бойынша – 11,9 пайыз, жүзу бассейндері бойынша - 8,4 пайыз, ашық спорт ғимараттары бойынша – небәрі 13,2 пайызды құрап отыр.
Оқу-жаттығу үрдісін өткізу мақсатында облыстық және аудандық 50 спорт мектептерінің жартысынан көбі спорт залдарын жалға алады және миллиондаған соманы төлейді.
Сонымен қатар, спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі қатты байқалады. Мысалы, боксшыларымыздың жарыстарға сапалы дайындығы үшін халықаралық стандарттарға сай келетін ринг жоқ. Басқа спорт түрлерінің де жабдықтары жетіспейді.
Облыстық бюджеттен жеткілікті дәрежеде қаржы бөлінген жағдайда, бұл мәселелер өз шешімін табатыны анық.
Бұқаралық спорт
2009 жылдың 10 айында халықты салауатты өмір салтына тартуға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 6 –шы нақты тапсырмасын орындау мақсатында облыстың аудандары мен қалаларында 1024 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Оларға барлығы 380,0 мыңға жуық адам қамытылды.
Облыс әкімдігінің «Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын» орындау мақсатында, 2009 жылдың 29-30 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 жылдығына арналған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі басқармаларының қызметкерлері арасында Спартакиада өткізілді. Спорттың 6 түрінен өткізілген Спартакиадада, 1-орынды Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, 2-орынды Статистика департаменті, 3-орынды Денсаулық басқармасы иеленді.
Сонымен қатар, аудандық және қалалық соттар қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушілері, денсаулық сақтау қызметкерлері арасында да түрлі спорт түрлерінен Спартакиадалар өткізілді.
2009 жылғы 18 желтоқсандағы № 446 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарын» орындау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мүгедектерді салауатты өмір салтына тарту, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдандыру сияқты бірқатар жұмыстарын атқарды.
«Оңтүстік Қазақстан облысындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу үшін «Спорт нашақорлыққа қарсы» және «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен барлық аудан, қалаларда үстіміздегі жылдың 10 айында 140-тан аса бұқаралық – спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 260,0 мыңнан астам адам қамтылды.
Облыстың жалпы білім беретін орта мектептерде «Спорт нашақорлыққа қарсы», «Салауатты өмір салты» және «Темекінің өмірге зияндығы» тақырыптарында әңгімелер өткізілді.
Оларға 3000-ға жуық адам қамытылды.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жасөспірімдерді нашақорлықтан қорғау мақсатында өткізген спорттық дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларына 1661 жасөспірімдер қатысты.
Дене шынықтыру және спорттық құралдармен мүгедектерді оңалту жұмыстары одан әрі өз жалғасын табады.














