Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының Жоспарына сәйкес ҚР-ның ақпараттандыру және байланыс Агенттігі облыс әкімшіліктерімен бірлесе отырып, Интернет жүйесіне қосылатын екі типтегі қоғамдық қол жетімділік пункттерін құру бойынша жүргізілген болатын.
Қоғамдық қол жетімділік пункттері арқылы жасалынатын электрондық қызметтердің базалық қайнаркөздері мыналар:
- «е-үікметтің» веб-порталы;
- әкімшіліктердің веб-порталы;
- басқа да ақпараттық жүйелер мен веб-ресурстар.
Қоғамдық қол жетімділік пункттерін (ҚҚжП) құру үшін негіздеме
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 9 желтоқсан айында №1228 «Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» Қаулысы;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 10 қараша айында №1471 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы;
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 8 желтоқсан айында №1286 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жасалынатын іс-шаралардың Жоспарын бекіту туралы» Қаулысы;
4. Мемлекеттік және басқа да ақпараттық ресурстарға тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету;
5. Мегаполистер және ауылды аймақтар мен кіші қалалардың тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою үшін барлық жағдайларды жасау;
6. Интернет-технологияларды пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру;
7. Анықтамалық ақпаратты ұсыну;
8. Азаматтар мен үкіметтік органдардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
9. Құжаттар мен анықтамалардың мөрі;
10. Жеке мәліметтер, байланыс және басқа да ақпараттардың ендірілуі;
11. Интернет жүйесіне қосылу, электронды почтамен жұмыс жасау.
Мақсаты
1. Мемлекеттік және басқа да ақпараттық ресурстарға тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету;
2. Мегаполистер және ауылды аймақтар мен кіші қалалардың тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсіздікті жою үшін барлық жағдайларды жасау;
3. Интернет-технологияларды пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру.
Бағытталуы
1. Анықтамалық ақпаратты ұсыну;
2. Азаматтар мен үкіметтік органдардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
3. Құжаттар мен анықтамалардың мөрі;
4. Жеке мәліметтер, байланыс және басқа да ақпараттардың ендірілуі;
5. Интернет жүйесіне қосылу, электронды почтамен жұмыс жасау.
Басымдықтары
1. Эргономикалық және компакттылық;
2. Сенсорлық экран;
3. Принтер (A4 форматтағы);
4. Өндірістік компьютер.

Конфигурациясына байланысты ҚҚжП-ның екі түрі белгілі: 1-түрдегі ҚҚжП және 2-түрдегі ҚҚжП.
1-түрдегі ҚҚжП (Инфокиоск) – бұл USB-портымен жабдықталған ақпараттық киоск болып, қоғамдық орынға орналастырылып, мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасай алу дағдысын меңгерген әрбір азамат өзбетінше өзіне қажетті болған ақпаратты ала алады. Мұндағы қызметті алу уақыты минимальды болады. Ақпараттық киоск көпшілік орында орналасып, белгілі бір ұйым тарапынан киоскты бұзу немесе оны ұрлау шараларын жою мақсатында бақылау жүргізіледі.
2-түрдегі ҚҚжП жеке компьютерден, принтер және сканерден тұрады. Бұл конфигурация азаматтардың аса көп уақыт талап етілетін қызметтерін алуға жоспарланған орындарға сәйкес келеді. Электрондық қызметті алу уақытында сканерлеу, құжаттарды принтер арқылы шығару және кеңестер (қажеттілігі туындағанда) алу мүмкіндіктері қарастырылған. Оны кітапханаларға, «Қазпочта» АҚ-на, білім беру мекемелеріне орнату ұсынылады.
Қоғамдық қол жетімділік пункттерін пайдалану бойынша НҰСҚАУ
Ақпаратты алу үшін сенсорлық экранның жоғарғы бұрышында сол жақта бейнеленген қосымша графикалық элементтерді (кнопкаларды): 1-ші кнопка – «алға», 2-ші кнопка – «артқа», 3-ші кнопка – «тоқта», 4-ші кнопка – «сеансты аяқтау» кнопкаларын пайдалану қажет.
Жұмысты бастау үшін саусақтың көмегімен курсорды жоғарғы бұрыштағы оң жақта орналасқан «адрестық жолға» қойылады.
Төменге түсетін мәзірден немесе төменгі бұрыштағы оң жақта орналасқан «экрандық клавиатура» көмегімен ақпараттық ресурстың мекені таңдап алынады.
Қол жетімді ақпараттық ресурстарға Қазақстан Республикасының сайттары мен мемлекеттік органдардың порталдары, дәлірек айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының сайты - www.ontustik.gov.kz жатады.
Экранда ресурс беттері бойынша әрекеттену және беттерді басқару үшін кнопкалардан пайдалану қажет.
Таңдап алынған форманы принтердан басып шығару үшін төменгі бұрышта сол жақта орналасқан «басу» кнопкасын қолдану қажет.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде 107 қоғамдық қол жетімділік пункттері болып, олардың 1-түрдегі ҚҚжП – 20 және екінші түрдегі ҚҚжП – 87 түрі бар.
Қазіргі таңда қала, облыс аудандарының әкімшіліктерінде мұндай пункттер байланыс каналдарына қосылған және халыққа е-қызметтерін ұсынуға дайын. Қалалық және аудандық мерзімді басылымдарда тұрғындарға қоғамдық қол жетімділік пункттері арқылы электрондық қызмет көрсетуді ұсыну жөнінде мақалалар жариялануда.
ҚҚО орналасқан мекен-жайлары:
- Шымкент қаласы
- Арыс қаласы
- Кентау қаласы
- Түркістан қаласы
- Бәйдібек ауданы
- Қазығұрт ауданы
- Мақтарал ауданы
- Ордабасы ауданы
- Отырар ауданы
- Сайрам ауданы
- Сарыағаш ауданы
- Созақ ауданы
- Төлеби ауданы
- Түлкібас ауданы
- Шардара ауданы














