Облыс әкімінің аппараты Мәслихат Облыстық басқармалар Аудан және қала әкімдіктері Аумақтық органдар Әкімшілік органдар Әкімдіктің қаулысы және әкімнің өкімдері ОҚО мәслихатының шешімдері Мемлекеттік қызмет Аудан және қалалардың ресми сайттары Халықаралық ынтымақтастық
Бизнесті басқару Қаржы институттары Кіші және орта бизнес Өндіріс Облыстың инвестициялық тартымдылықтары “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы Индустриялық аймақ ”Оңтүстік” арнайы зкономикалық аймағы “Максимум” АИО Нормативтік құқықтық актілер Лицензиялау және/немесе рұқсат беру жүйесі Кәсіпкерлерге пайдалы ресурстар
Әлеуметтік зкономикалық даму Жол картасы Бюджет Азаматтық бюджет
Мемлекеттік қызметтер Электронды қызмет Сақтандыру полистерінің деректер қоры Жолда жүру тәртібі
Мемлекеттік сатып алулар
Білім беру Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту Денсаулық сақтау Мәдениет Спорт Көлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Ішкі саясат ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халыққа қызмет көрсету орталығы Қоғамдық қол жетімділік пункттері
Қонақ үйлер мен отельдер Санаториялар мен демалыс үйлері Қорықтар Белсенді демалыс Сауда үйлері Мейрамханалар Клубтар Мәдениет және демалыс саябақтары Аквасаябақтар Кинотеатрлар Театрлар Мұражайлар Кітапханалар Тарихи және мәдени ескерткіштер Туристік ұйымдар Туристік бағыттар Фотогалерея
 

Азаматтардың мемлекеттік қызметке келу тәртібі

   Саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау немесе сайлау арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген басқа да жағдайлары бойынша іске асырылады.
   Әкімшілік мемлекеттік лауазымға бару конкурсы мемлекеттік қызметке бір дәрежеде қол жеткізу Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
   Конкурсты әкімшілік мемлекеттік лауазымға бос орындары бар мемлекеттік органдар (әрі қарай – мемлекеттік орган) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен тиісті лауазымның категриясына резервте тұрғандардың тізімін қарағаннан кейін мемлекеттік қызмет істері бойынша өкілетті орган (әрі қарай -- өкілетті орган) өткізеді. Бос орынға конкурсты жариялаған мемлекеттік орган конкурстық комиссияны құрады, әкімшілік мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеуді іске асырады. Конкурсты өткізетін кезде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және басқа да мемлекеттік қызметке қатысты заңдылықтардың талаптары сақталуы тиіс. Конкурстық комиссияның шешімі тиісті бос тұрған әкімшілік мемлекеттік қызметтің лауазымына тағайындалуға немесе одан бас тартуға негіз болып табылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

    Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы:
   1) Он сегіз жастан асқан;
   2) Біліктілік талаптарға сәйкес келетін.
   Конкурсқа мына азаматтар қатыса алмайды:
   1) Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін;
   2)заңды күшіне енген сот шешімімен еңбекке жарамсыз немесе еңбекке жарамсыздыққа шектеулі болып танылғандар;
   3) заңды күшіне енген сот шешімімен тиісті бір мерзімде мемлекеттік лауазымға бару құқығынан айрылған;
   4) заңдылықтармен қаралған бсқа да жағдайларда.
   Конкурстың қатысушылары болып конкурс туралы хабарландыру берілгеннен кейін тиісті құжаттарын мемлекеттік органға тапсырған азаматтар болып табылады.
   Әкімшілік мемлекеттік лауазымға бару үміткерлері (әрі қарай – үміткерлер) болып конкурстық комиссияның шешімі негізінде тестілеуге жіберліген конкурс қатысушысы болып табылады. Конкурстық комиссия коллегиялық орган болып табылады. Олар конкурсқа қатысушы тапсырған құжаттарды, тестілеулерінің нәтижелерін қарайды, үміткерлермен сөйлесулер өткізеді және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тиісті кандидаттарды қалдыруды іске асырады.
   Конкурста келесі кезектер болады:
   1) мемлекеттік орган тарапынан конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
   2) конкурстық комиссия құрамын құру;
   3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
   4) қатысушылардың құжаттарын әкімшілік мемлекеттік лауазымның біліктлік талаптарына сәйкестігін қарау;
   5) бекітілген өкілетті орган тәртібімен үміткерлерді тестілеуден өткізу;
   6) конкурстық комиссия тарапынан үміткермен сөйлесу;
   7) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.

Құжаттарды қабылдау:

   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурсты өткізетін мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырады:
   1) өкілетті орган бекіткен үлгі бойынша өтініш (№1 Қосымша);
   2) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты мекен-жайды, телефонды көрсете отырып);
   3) өкілетті орган бектікен үлгі бойынша толтырылған сауалнама (№2 Қосымша);
   4) нотариалды немесе басқа да бекітілген заңнамалық тәртіпте нақтыланған білі туралы құжаттардың;
   5) нотариалды немесе басқа да бекітілген заңнамалық тәртіпте нақтыланған еңбек кітапшасының көшірмесін;
   6) бекітілген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама;
   7) 3х4 көлеміндегі 1 дана фотосурет.
   Азаматтар олардың білімдеріне, жұмыс тәжірибесіне қатысты (біліктілігін арттырғандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми материалдары туралы құжаттардың көшірмелерін) қосымша ақпартатты ұсынуларына болады. Конкурстық комиссияның қарауына азаматтар тарапынан тиісті тәртіп немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде жолданған құжаттар қабылданады. Конкурстық комиссияның теріс қорытындысын алған конкурсқа қатысушы үміткерлердің құжаттары, кадрларды есепке алудағы жеке парағы мен конкурстық іріктеуден өте алмай қалған тұлғалардың өтініштері және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшылығында (кадрлық қызметте) сақталады.

Тестілеуден өту:

   Әкімшілік мемлекеттік лауазымның санатына байланысты өкілетті орган тестілеудің түрлі бағдарламаларын бекітуі  мүмкін. Екі немесе одан да көп бос орынға құжат тапсырға, әкімшілік мемлекеттік лауазымның түрлі санатына жататын және олар бойынша тестілеуге жіберілген үміткерлер тиісті бағдарламалар бойынша тестілеуден өтеді. Аралық қиындықтағы бағдарлама бойынша үміткердің жақсы нәтижесі тестілеудің соңғы бағдарламалары бірдей немесе қиындығы дәрежесінен төмен шарты негізінде оның бос орындар конкурсына қатысуға жарамды болып табылады. Үміткердің тестілеу нәтижесі тестілеу нәтижесінің өзгеріссіз қалуы шарты незігінде тестілеуден өткен сәттен бастап 1 жылға дейін жарамды. Үміткер бір және сол бағдарлама бойынша қайта тестілеуден алдағы тестілеу сәтінен бастап үш айдан кешіктірілмей өтуге құқылы. Тестілеудің нәтижелері өкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелері тарапынан тестілеуден және тиісті мемлекеттік органның конкурстық комиссиясынан өткен үміткерлерге  беріледі. Сөйлесуге тестілеуден өкілеті органның лауазымның категориясына  бекіткен тиісті бағаны алған үміткерлері жіберіледі. Төмен баға алған үміткерлер сөйлесуге жіберілмейді. Сөйлесуге жіберілген үміткерлер конкурстық комиссия тарапынан өткізілетін сөйлесуге шақырылады.
 






Сіз Шымкент қ. ұшатын әуе бағыттарының санымен және түрлерімен қанағаттанасыз ба?
vote Дауыс беру мұрағаты

Баннерлер

ҚР Президентінің ресми сайты ҚР Үкіметінің ресми сайты Бизнесті қорғау ЕврАзЭС тауарлары Өз қаражатыңды баскаруды үйрен
ҚР Парламентінің ресми сайты e-gov ҚР электрондық үкіметі Салауатты Қазақстан Нормативтік құқықтық актілер базасы Нұр Отан
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
pic
f1 f2 gerb
© 2012 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты
Сайт материалдарын қолдану кезінде көзге сілтеме болу керек
Оңтүстік Қазақстан облысының ресми веб-порталының регламенті