ОҚО ІІД-нің қылмыстық полиция
басқармасының негізгі міндеттері
1. Қылмыстық полиция бөлімдерінің ішкі істер органдырының құзырына қатысты қылмыстың алдын-алу, болдырмау және ашу бойынша іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
2. Тергеуден, анықтаудан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жазасын өтеуден бас тартып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге жағдайлардағы тұлғаларды қылмыстық, азаматтық және жанұялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық келісім-шартқа сәйкес іздестіру ұйымдастыру, және экстрадицияға қатысты мәселелердің уақытылы шешілуін бақылайды;
3. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстың алдын-алу, анықтау, болдырмау және ашу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мұнда зиян келтіру нысаны болып ЭЕМ (ЭВМ), және оның жүйесі мен желісі (ақпаратты тасушы ретінде), меншік құқығы және үшінші тараптар құқығы табылады;
4. Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру;
5. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын-алу, болдырмау және ашу жұмыстарын ұйымдастыру;
6. Шетел азаматтарына қатысты, сонымен қатар, олар жасаған қылмыстардың алдын-алу, болдырмау және ашу жұмыстарын ұйымдастыру;
7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қылмыстық полиция басқармасына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Байланыс телефоны 21-20-51














