ОҚО ІІБ Көші-қон полиция басқармасының міндеттері
Шетел азаматтарының республикада болу тәртібін, олардың Қазақстан Республикасына кіру және шығу ережесін орындау тәртібін бақылауды қамтамасыз ету, шетел азаматтарының заңсыз көшіп-қонуына қарсы әрекеттер жасау;
Көші-қоны және демография басқармасымен, ОҚО бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен бірлесе отырып тұрғындардың көшуіне, оларды тіркеуге және құжаттандыруға қатысты мәселелерге зерттеу жүргізу;
Азаматтарды қабылдауды, хаттардың, өтініштер мен шағымдардың, лауазымды тұлғалардың хабарларының, баспасөз беттерінде басылуларының, радио мен теледидар бойынша көрсетілулерінің, көпшілік алдындағы сындарлы ескертпелердің уақытылы қарастырылуын қамтамасыз етеді. Құқықтық білімді насихаттауға қатысып, өз жұмысына қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына шығуды ұйымдастырады;
Облыстық ІІ(Б)МРБ іс-әрекетіне
келесі мәселелер бойынша бақылау жүргізеді:
Заңсыз миграциямен күреске қатысты арнайы жаяу бөлімшесінің іс-әрекетін ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін және сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңдарын бұзған шетелдіктердің дербес есебін тікелей жүргізеді;
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және азаматтығынан шығуға қатысты құжаттарды рәсімдейді. ОҚО ІІББ басшылары бекіткеннен кейін оларды ҚР ІІД КҚПД қарастыруына жібереді;
Шетелде тұрақты өмір сүретін тұлғалардың азаматтығындағы өзгерістар туралы, шетелде тұрақты өмір сүретін Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу және құжаттандыру туралы, Қазақстан Республикасының тұрғындарын тіркеу және құжаттандыру туралы ақпараттарды алмасу мәселесі бойынша Әділет басқармасымен өзара бірлеседі;
Шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін дайындау үшін түскен формулярлардың дұрыстығын және олардың рәсімделулерінің заңдылығын тексеруді жүзеге асырады, сонымен қатар, рәсімделіп жатқан тұлғаларды құқық қорғау органдары іздеп жатқан жоқтығын тексеріп, дайын болған құжаттарды көші-қоны полициясының аймақтық бөлімшелеріне жібереді;
Өз құзыреттігінің аясында, Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты өмір сүрулері үшін шет елге шығуын рәсімдеп, шетел азаматтарына виза беруді жүзеге асырады;
Байланыс телефоны 21-21-53














