ЮКО Жаңалықтар http://ontustik.kz/ Жаңалықтар «Жексенбілік климат 10/10/10» жаһандық шарасы барысында Қазақстан Президентінің резиденциясына күн панелі құрылғысын орнатуға ұсыныс жасалмақ http://ontustik.kz/view.php?id=6165 Tue, 07 Sep 2010 15:51:40 +0600
Қазанның 10-ы күні бүкіл әлем бойынша «Жұмысқа» ұранымен «Жексенбілік климат 10/10/10» атты экологиялық шара өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында  350 Қазақстан экологиялық қозғалысының өкілдері айтты,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат. Қозғалыстың ұлттық үйлестірушісі Павел Коктышевтің айтуынша, шара барысында токиолық сумошылар велосипедпен қала орталығында шеру өткізсе, Париж тұрғындары парник газдарын 10 пайызға азайту ұранымен шаралар өткізеді. Ал карачилік әйелдер күн пештерін қолдануға шақыру шарасын ұйымдастырса, филиппиндік студенттер өзен жағалауларын бекіту үшін 2 мың ағаш отырғызады. «Біз де Қазақстанда бірқатар шараларды өткізуді көздеп отырмыз. Осы бағытта қазақстандықтарды шараны қолдауға, әркім өз үйі маңында тазалық жүргізіп, ағаш отырғызуға, күн сәулесі арқылы жұмыс істейтін пештерді қолдануға шақырамыз», дейді Павел Коктышев. Оның айтуынша, қозғалыс мүшелері шара барысында Қазақстан Президентіне Астанадағы резиденциясының шатырына күн сәулесі панелін орнатуды ұсынатын хат жібермек. «Қазіргі кезде Елбасына арнайы хат жазылып, қол жиналуда. Бұл тек Қазақстанда ғана емес әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылады. Мәселен, бұндай ұсыныс Барак Обама, Ху Цзиньтао, Дэвид Камерон, Нұрсұлтан Назарбаев сынды әлемнің 8 көшбасшысына жасалынып отыр. Үндістан Премьер-министрі бұл ұсынысты қолдап, өз резиденциясына бұл құрылғыны орнатып үлгерді. Ядролық қару мен жаһандық экологиялық бастамаларды жүзеге асыру бағытында әлем көшбасшысына айналып үлгерген біздің Президентіміз қолдау білдіреді деп ойлаймыз.Ақорда шатырына күн панелін орнату халқымызға үлгі болып, экологияға үлкен қолдау болар еді», дейді экологиялық қозғалыс белсендісі.
ҚазАқпарат
Қазақстанда әлемдік 350.org экологиялық қозғалысының өкілдігі ашылды http://ontustik.kz/view.php?id=6164 Tue, 07 Sep 2010 15:50:36 +0600
Қазақстанда әлімдік 350.org экологиялық қозғалысының өкілдігі ресми түрде ашылды. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында қозғалыс өкілдері айтты,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат. Қозғалыстың Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Павел Коктышевтің айтуынша, қозғалыс елімізде 2 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ ресми түрде бүгін ғана ашылып отыр. «Біз әлемдік қозғалыс идеяларын Қазақстанда жүзеге асыруды көздейміз. Әлемдік қозғалыстың басты мақсаты - ауадағы ластану мөлшерін 350 миллион бірлікке жеткізу. Қазіргі деңгей 390 миллион бірлік. Осының салдарынан Пәкістан су астында қалып, Ресей отқа оранып жатыр, жер бетіндегі мұздықтар еруде. Бұл мәселе бізді де айналып өтіп отырған жоқ. Сондықтан бір топ жастар қозғалыс құруды жөн көрдік», дейді П.Коктышев. Оның айтуынша, қозғалыс алдағы уақытта еліміздің барлық облыстарынан өкілдік ашып, экологияны қолдау бағытында түрлі шаралар өткізбек. «Бұл бағытта
www.350.kz
сайтын іске қостық. Өйткені көп жағдайда жұмысымыз интернет кеңістігі арқылы жүзеге асырылады», дейді қозғалыс өкілі.
ҚазАқпарат
1800 қазақстандық отбасы бала асырап алу кезегінде тұр - Білім және ғылым вице-министрі http://ontustik.kz/view.php?id=6163 Tue, 07 Sep 2010 15:49:27 +0600
1800 қазақстандық  отбасы бала асырап алу кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ел Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» ҚР заңының жобасын талқылауда айтты.
«Жетім балаларды қамқорлыққа алған ата-аналарға Үкімет тарапынан қосымша жалақы төлеу мәселесін қазіргі уақытта республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізіп отырмыз. Біздің ұсынысымыз бойынша ол 30 айлық есептік көрсеткіштің деңгейінде болуы керек. Егер бұл мәселе қабылданатын болса, онда жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің саны күрт өзгереді», деді ол өз сөзінде.
М.Сарыбековтің сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан қосымша ақша төленсе деген ұсынысты 6,5 мың баланы асырап алған ата-аналар жасап отыр екен. Ал жалпы елімізде бұл санаттағы ата-аналар саны 25 мыңды құрайды. Егер министрлік ұсынысы қабылданатын болса, онда жыл сайын республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге көлемінде қаржы шығындауға  тура келмек.
Сонымен қатар вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта балалар үйлеріндегі жетімдер саны да жылдан-жылға азайып келе жатыр. «Өйткені қазіргі уақытта бала асырап алушы қазақстандық отбасылар саны артуда. Қазіргі таңда 1800 ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр», деді М.Сарыбеков.
ҚазАқпарат
Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық форумы http://ontustik.kz/view.php?id=6162 Tue, 07 Sep 2010 15:48:35 +0600
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси-экономикалық және мәдени байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан және Ресей аймақаралық ынытамақтастық форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл форум қазақ, орыс және Беларусь мемлекеттерінің кедендік одаққа біріккеннен бері тұңғыш рет өтіп отыр. Сондықтан үш елдің біріккен кедендік кодексіндегі тарифтерге байланысты мәселелер де талқыланады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев былтырдан бері үш мемлекет арасындағы кездесулерді жиі өтіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінгі форумға Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық дамуына айрықша үлес қосып жүрген барлық іскер топ өкілдері қатысты. Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналым 8 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылғы осы уақыттың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға өскенін көрсетеді.
kaztrk.kz
Колумбиялық азамат Жер бетіндегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енді http://ontustik.kz/view.php?id=6161 Tue, 07 Sep 2010 15:47:28 +0600
Колумбиялық Эдвард Нино Эрнандес  Жер бетіндегі ең  кішкентай адам ретінде  Гиннестің  Рекордтар  кітабына еніп  отыр.  Оның  бойы     70 см  шамасында, ал  салмағы  небәрі  - 10 келі ғана. Нино    - отбасының  ең   үлкен  баласы.    Эрнандестің анасының айтуынша,    оның бойы    2 жастан кейін  өспей  қалған.   Дәрігерлер оған    диагноз  қоя алмаған.    Дүниеге келгенінде   бойы - 38 см,  салмағы   небәрі 1,5 келі болған  Ниноны 3 жасқа дейін  Колумбия Ұлттық университетінің ғалымдары зерттеген.   Бірақ  ешқандай ауытқушылық таба алмаған.
«Ешкімге  ұқсамайтындығыма  бақыттымын», - деп мәлім етті Нино  «Ассошиейтед  Пресс» агенттігіне  берген  сұхбатында.
Бүгінде 24 жасқа келген    жігіттің,    бойы болмаса, айналасындағылардан ешқандай  айырмасы  жоқ. Ол  билегенді  жақсы көреді, « Мерседес-Бенц» автокөлігін  алғысы   келеді,  дүниежүзін аралауды  және  Джеки Чанмен, Сильвестр  Сталлонемен   және  Колумбияның  экс-президенті   Альваро  Урибемен   танысуды арман етеді.   Эрнандес    өте көпшіл.     Ол  сондай-ақ,      домино және  дойбы  ойнағанды   жақсы көреді.
Бірақ та, оның анасының айтуынша,   үйде   үнемі жалғыз отыру   Ниноны  қатты   уайымдатады.
ҚазАқпарат
Солтүстік Корея Сеулден көмек сұрады http://ontustik.kz/view.php?id=6160 Tue, 07 Sep 2010 15:46:01 +0600
Солтүстік Корея   елдің  солтүстік-батысында  орын алған   су  тасқынының   салдарын  жоюға   көмек сұрап,   Оңтүстік Кореяға  өтініш жасады.    Оңтүстік Кореяның     бірлескен  істер  жөніндегі министрі    Хен Ин Тэк,   Пхеньянның   өтініші    қаралып жатқанын    мәлім етті,  деп хабарлайды  «Азаттық»  радиосы. Бұған дейін  оңтүстіккорейлік Қызыл  Крест      зардап шеккендерге көмекке     8,5 миллион доллардай ақша бөлуді   ұсынған  болатын.
Ал осыдан   бірнеше күн бұрын  Пхеньян  өткен  айда  екі елдің арасындағы теңіз шекарасының шығыс жағалауында  ұсталған  оңтүстіккорейлік  балықшыларды  босататынын  мәлім етті.
ҚазАқпарат
Ортағасырлық бекзадалар фестивалі http://ontustik.kz/view.php?id=6159 Tue, 07 Sep 2010 15:43:43 +0600
Латвияның Рига қаласында ортағасырлық бекзадалар фестивалі өтті. Бағзы заманғы музыканы тыңдап, қолөнер мен сайыстарды тамашалау үшін мұнда жүздеген адам жиналды. Кештің ең қызықты тұсы – сахнада қойылған 1236 жылғы неміс ерлері мен латвия және литвалық әскерлер арасындағы шайқастың көрсетілімі болды. Шараға қатысушылар Эстониядан, Литва, Ресей және Украинадан келген. Олардың пікірінше, мұндай кештерді ұйымдастырып отырған жөн.
Гинтаутас Брайдокас,фестивальге қатысушы
Ата-анам менің есімімді Гинтаутас деп қойған. Ал, бұл «халықты қорғау» деген мағынаны білдіреді. Ер жігіттің міндеті ел қорғау. Сондай-ақ, біз көне Балтық жерін мекендеген тайпалардың ұрпақтары екенімізді ұмытпауымыз керек. Менің ойымша, әр адам өз болашағы үшін елінің тарихын білуі тиіс.
kaztrk.kz
Нацистік Германия авиациясының Лондонды бомбалағанына 70 жыл http://ontustik.kz/view.php?id=6158 Tue, 07 Sep 2010 15:42:31 +0600
kaztrk.kz
Орның қандай, Оңтүстiк? http://ontustik.kz/view.php?id=6157 Tue, 07 Sep 2010 11:12:25 +0600 Қазақстанның өзге өңiрле-рiмен салыстырғанда Оңтүстiкте өмiр сүру жеңiл ме? Шымкенттiң және облыстағы өзге қалалар мен аудан орталықтарының экономикалық-әлеуметтiк дамуы, қоғамдық тұрмысы мен тiршiлiгi қандай деңгейде? Мемлекеттiк мүддеден туындап, жергiлiктi билiк басшыларының қарым-қабiлетiмен қабысып жататын, өз жағдайыңды өзге аймақпен салыстыра қарауға мүмкiндiк беретiн мұндай сұрақтарға жауап iздеген, әрине, қызық.
Жуырда ҚР Президентi Әкiмшiлiгi басшысының тапсырмасына сәйкес елiмiздегi облыс орталықтары мен аудан, қалалардың әлеуметтiк-экономикалық даму рейтингiсi анықталды. Олардың жұмысына биылғы бiрiншi жартыжылдық қорытындысы бойынша даму қарқыны “жоғары”, “орташа” және “төмен” деп үш топқа бөлу арқылы баға берiлдi. 14 облыс орталығы, 23 шағын шаһар және 160 аудан, қала сайысқа түскен  ресми орынның рейтингтiк сынында Оңтүстiктiң орны қандай? Бүгiн бiз осы туралы әңгiмелемекпiз.
Сонымен,  республикалық рейтингтiк көрсеткiштi елiмiздегi үшiншi қала атануға ұмтылған шырайлы Шымкенттiң әлеуметтiк-қоғамдық салмағы қандай деңгейде? Осыған орай рейтингтiк бағалау 25 көрсеткiш бойынша жүргiзiлгенiн айта кеткен дұрыс. Оның алғашқы шарттары қазына қаражатын толықтыру, бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын көздейдi. Жыл басынан берi Шымкент қаласында бюджеттiң шығыс бөлiгi  91 пайыз орындалған. Бұл өзге облыс орталықтары арасындағы оныншы көрсеткiш. Әр адамға шаққанда бюджет қаражатының жаратылуы (мемлекеттiк субвенцияны, трансферттi қоса есептегенде)  30156 теңгенi құрап отыр.  Былтырғы алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда Шымкент қаласында қазынаның кiрiс бөлiгi 123,1 пайыз жүзеге асқан. Бұл 14 облыс орталығы арасындағы үшiншi көрсеткiш. Сондай-ақ, әр адам орта есеппен қала бюджетiне 16613 теңге кiрiс енгiзген.
Бюджеттiк қаржының игерiлуi жөнiнен Кентау қаласы, Отырар ауданы өзi тектес елдi мекендер арасында жақсы табыстарға қол жеткiзгенiн атап айтқан жөн. Бұл жөнiнде кейiнiрек толықтырып айтамыз.
Шымкент қаласы бойынша  өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемiнiң индексi едәуiр артқан.
Бұл жағдай, ең алдымен, оңтүстiк өңiрiнде жаңа кәсiпорындардың iске қосылуымен, өндiрiстiк қуаттарының артуымен байланысты. Осыған орай, негiзгi капиталға инвестиция құю тапсырмасын шымкенттiктер 96,7 пайыз жүзеге асырды. Ал, құрылыс жұмыстарының белгiленген мөлшерiн 58,7 пайыз ғана орындап отыр.
Жалпы, жергiлiктi басшылық шағын бизнес иелерiнiң жұмысын әлi де жеткiлiктi дәрежеде жолға қоя алмай келедi. Мәселен, Шымкент қаласында тiркеуге алынған шағын кәсiпорындардың 19,7 пайызы ғана белсендi жұмыс iстейдi. Яғни, бұл 5 кәсiпорынның төртеуi қимылсыз қалғанын айғақтаса керек. Немесе мың адамға шаққанда шағын бизнеспен айналысатын мекемелер саны шамамен 3,7-ден аспай отыр. Өзге облыс орталықтарымен салыстырғанда бұл ең төменгi көрсеткiштердiң бiрi.
Ендi әлеуметтiк жағдайды сипаттар көрсеткiштерге тоқталайық. Шымкентте жалпы жұмыссыздық дәрежесi еңбекке жарамды тұрғындардың 8,8 пайызын құрап отыр. Қалада осы жылдың басынан берi әрбiр мың адамға шаққанда 5 қылмыстық оқиғадан келедi екен. Елiмiздiң өзге облыс орталықтарына  қарағанда қаладағы қылмыстың азайғаны байқалады. Мәселен, бұл Тараз қаласынан /мың адамға шаққанда 4,4 қылмыстық оқиға/ кейiнгi екiншi көрсеткiш болып табылады. Ал, қылмыстың ашылуы жөнiнен шымкенттiктерге әзiрге мақтануға ерте болып отыр. Алғашқы жартыжылдықта орын алған қылмыстардың 60,8 пайызы ғана ашылған. Бұл елiмiз бойынша тоғызыншы көрсеткiш.
Сондай-ақ рейтингтiк бағалау кезiнде денсаулық сақтау және бiлiм беру көрсеткiштерi, көшi-қон мәселесi де ерекше рөл атқарады. Алты айда Шымкентте әрбiр он мың тұрғынға шамамен 27 дәрiгер қызмет көрсеткен. Бұл өзге облыс орталықтарымен салыстырғанда ең төменгi көрсеткiштердiң қатарында саналады.
Шаһар табиғи өсiм жөнiнен елiмiз бойынша алдыңғы үш орынның бiрiн иемденген. Яғни, мың адамға шаққанда 29,9 нәресте дүние есiгiн ашуда. Бiрақ олардың шетiнеуi, өлi тууы азаймай отыр. Өткен алты айда дүниеге келген әрбiр мың сәбидiң 19,4-i шетiнеген. Сондай-ақ әрбiр жүз мың адамға шаққанда 56,8 ана босану кезiнде қайтыс болған. Ең көп ана өлiмi /79,4/ Тараз қаласында тiркелiп отыр. Содан кейiнгi орын – Шымкентте. Ал, осы мерзiмде Атырау, Орал, Ақтау және Павлодар қалаларында бiрде-бiр ана өлiмiнiң кездеспегенi сүйiнiштi-ақ.
Есептi мерзiм iшiнде ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердегi оқушылардың сабақ үлгерiмi жөнiнен Шымкент  облыс орталықтары арасында бесiншi орынға қол жеткiздi. Ал, мектеп жасына дейiнгi балалардың бiлiммен қамтылуы 53,5 пайызды құрап отыр. Осы және басқа да рейтингтiк көрсеткiштердiң жалпы қорытындысында қала оныншы деңгейден табылды. Елiмiз бойынша алғашқы үш орынды рейтингтiк көрсеткiш бойынша Атырау, Орал және Ақтау қалалары иемденген.
Облыстық маңызы бар қалалар арасында Кентау қаласының шоқтығы биiк болып отыр. Мәселен, өзi тектес 23 қаланың iшiнде кентаулықтар бюджеттiң кiрiс және шығыс жоспарын орындаудан алдыңғы қатардан көрiндi. Әсiресе, олар негiзгi капиталға инвестиция тарту, өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрудiң жалпы көлемiн арттыру, құрылыс жұмыстарының атқарылуы жөнiнен жақсы нәтижеге қол жеткiздi. Сондай-ақ, Кентау қаласы бойынша әр адамға шаққандағы тұрғындардың ақшалай табысының өсiмi сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып отыр.
Дегенмен, жергiлiктi билiк тарапынан шағын бизнес иелерiмен жұмыс iстеу Кентау қаласында төмен. Яғни, заңды тiркелген кәсiпорындардың небәрi 28,6 пайызы жұмыс iстедi.
Қылмыстық оқиғалардың Кентауда азайғаны байқалады. Мәселен, өткен алты айда қала бойынша мың адамға шаққанда 1,6 қылмыс жасалған. Ал, қылмыстың ашылуы 82,7 пайызды құрайды. Бұл өзi тектес қалалар арасындағы он екiншi көрсеткiш. Қалада тұрғындарды дәрiгерлiк қызметпен қамту мәселесi де әлi жете назар аударуды қажет етедi. Мұнда әзiрге он мың адамға 17,8 дәрiгерден келiп отыр. Соның салдарынан ана мен баланың өлiмi көп. Мәселен,  жартыжылдықта әрбiр мың сәбидiң 14-ке жуығы шетiнесе, әрбiр жүз мың анаға шаққанда көз жұмғандар саны 88,9-ға жетiп отыр. Жалпы, рейтингтiк бағалау бойынша Кентау қаласы өзi тектес 23 елдi мекеннiң арасында он бiрiншi орынға лайықты деп табылды.
Елiмiздегi 160-тай аудандардың арасында жалпы рейтингiлiк дәрежесi жөнiнен Отырар ауданы жетiншi орынға көтерiлдi. Оның iшiнде шағын бизнеспен жұмыс iстеу жөнiнен бұл ауданның алдына түсер ешкiм болмай тұр. Сондай-ақ, сарапшылар мұнда бюджеттiк қаржыны орнымен жарату, қылмысқа қарсы күрес ахуалының жақсарғанын атап көрсетуде.
Түлкiбас ауданы республикалық рейтинг бойынша 21-шi орында тұр. Әр мың адамға шаққанда  қылмыс жасаудың
азаюы жөнiнен түлкiбастықтар үшiншi көрсеткiшке қол жеткiзсе, биылғы ҰБТ нәтижесi бойынша мектеп оқушыларының сабақ үлгерiмi жөнiнен төртiншi орынды еншiлептi. Ал,  қаржыны игеру деңгейi бойынша 52-шi, бюджетке кiрiс  қарату жөнiнен 12-шi орынды иемденген. Түлкiбастықтардың негiзгi капиталдағы инвестиция көлемiн арттыруға байланысты жұмысы ең төменгi орындардың /151/ қатарында бағаланып отыр.
Сондай-ақ, алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы рейтингтiк бағалаудың нәтижесiнде Сайрам – 35-шi, Созақ – 40, Қазығұрт – 44, Ордабасы – 54 және Мақтаарал – 92, ал, Шардара ауданы 93-шi орындарды иемдендi. 25 көрсеткiштен тұратын рейтингтiк бағалау аудандар мен қалалардың елiмiздегi жалпы жағдайының деңгейiн анықтап бердi. Оның қорытындысы бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Отырар, Түлкiбас, Созақ, Ордабасы және Сайрам аудандары “даму қарқыны жоғары” деп танылды. Ал, Шымкент, Кентау, Түркiстан қалалары мен Төлеби, Қазығұрт аудандарындағы даму “орташа”, Шардара, Бәйдiбек, Мақтаарал, Сарыағаш және Арыс аудандарындағы жағдай “төмен” деп саналып отыр.
Мақтаарал және Шардара аудандарында бюджет қаржысының игерiлуi төмен. Бұл аудандарда мемлекеттiк субвенция мен трансферттi қоса есептегенде бюджет қаражатын жұмсаудың жан басына шаққандағы үлесi ең соңғы орындарға ғана лайық болды.
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан газеті 439 мың тонна астық жеткiзiлмек http://ontustik.kz/view.php?id=6156 Tue, 07 Sep 2010 11:01:45 +0600 Бейсенбiде ҚР Ауыл шаруашылығы министрi А.Күрiшбаев бастаған делегация Шымкентке келдi. Облысты азықтық бидаймен қамтамасыз ету жөнiндегi меморандумға қол қою рәсiмiнде алғаш сөз алған облыс әкiмi Асқар Мырзахметов ауа райының биылғыдай қолайсыздығы тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де орын алып отырғанын атап өттi. Сондықтан меморандумның басты мақсаты нан өнiмдерi бағасының негiзсiз көтерiлуiне жол бермеу екенiн жеткiздi.
Ақылбек Күрiшбаев Елбасының тапсырмасына сәйкес өзi басқарып отырған министрлiктiң, “КазАгро” Ұлттық басқарушы холдингi” АҚ,  “Азық-түлiк корпорациясы” АҚ-ның қатысуымен астық өсiрмейтiн және осы дақыл жетпейтiн аймақтарды азық-түлiктiң бұл түрiмен жабдықтау жөнiнде меморандумдарға қол қойылатынын айтты. “Ал, әкiмдiктер астықты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етiп, нан өнiмдерiнiң бағасына ұдайы бақылау жасап отыруы тиiс. Осылайша, бiз iшкi рыноктағы астықтың бәсiне тәуелдi болмай-ақ, нанның бағасын тұрақты түрде ұстайтын боламыз, — деп түсiндiрдi министр. – Басқа жағынан алғанда, елiмiзде аталған өнiмге iшкi қажеттiлiктi толық қамтамасыз етiп, шекараны жаппау үшiн шаралар қолданамыз. Сөйтiп, астық өндiрушiлердiң өз тауарларын әлемдiк баға бойынша сатуына да қолайлы жағдай туғызамыз”. Министр астықтың құны көтерiлуi мүмкiн деген жорамалды да жасырмады.
“КазАгро” Ұлттық басқарушы холдингi” АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбековтiң айтуынша, аталмыш холдингтiң еншiлес компаниясы саналатын “Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы” ҰК АҚ қолдағы қордан операторларды белгiленген баға мөлшерiнде астықпен қамтамасыз етедi. Корпорация бұл мiндеттi биылғы 1 қыркүйектен бастап, 2011 жылдың 1 қазанына дейiн ай сайынғы қажеттiлiкке сәйкес кесте бойынша жүзеге асырады.
Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында экономиканы жаңарту жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның үстiмiздегi жылғы 26 тамыздағы отырысында “КазАгро” Ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ына тоннасына 26500 теңге бағамен елiмiз бойынша 2 млн. тонна астықты сатып алу туралы шешiм қабылданғаны белгiлi.
Министр А.Күрiшбаевтың айтуынша, Қазақстанның осы өнiмге деген қажеттiлiгi 3,5 млн. тонна. Күнi бүгiнге дейiн аталған корпорацияда өткен жылғыдан қалған 1,5 млн. тоннадай дән бар. Егер биыл әрбiр тоннасын 180 долларға балап, 2 млн. тонна өнiм сатып алынса, бұл бағаны тұрақтандыруға, iшкi рынокты реттеп отыруға толық мүмкiндiк бермек.
Облысымыздың бiр жылдық қажеттiлiгi 439 мың тоннадан асады. Демек, ай сайын 34 мың тонна астық кестеге сәйкес жеткiзiлiп тұрады. Облыс басшысы А.Мырзахметовтiң сөзiне қарағанда, биыл өндiрiлген өз бидайымыз да қажеттiлiкке тиiмдi түрде жұмсалатын болады. Жиында тараптар меморандумға қол қойды.
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан газеті Ислам әлемнiң негiзгi дiнiне айналып келедi http://ontustik.kz/view.php?id=6155 Tue, 07 Sep 2010 11:00:02 +0600 АҚШ-тың тұңғыш қара нәсiлдi президентi Барак Обама Ақ үйдiң төрiне шыққалы берi  американдықтар  дүниежүзiлiк мұсылман елдерiнде орын алған шиеленiстердi  бiршама ретке келтiре бастады. Ислам және Батыс елдерi арасында ушығып бара жатқан қақтығыстар мен лаңкестiк әрекеттерге қазiргi саяси пiкiрталасқа бағынбайтын тарихи күштер себепшi болып отырғанын жасырмайтын Обама қатыгез экстремистердiң мұсылмандарды АҚШ-қа қарсы қоюға пайдаланғандығын да айтып жүр.
Расында да,  АҚШ-тың 44-шi президентi болып Барак Обама билiкке келгелi  алып мемлекет мұсылман елдерiмен қарым-қатынасын, өзара түсiнiстiгiн қайта қарауға мүдделi екендiгiн таныта бiлдi. Өткен жылы мұсылман елдерiне жасаған сапарынан кейiн iле-шала  Мемлекеттiк хатшы Хиллари Клинтон АҚШ Мемлекеттiк департаментi мұсылман қауымдастығына арнайы өкiл етiп бұрын Еуропа және Еуразия iстерi жөнiндегi көмекшiсiнiң аға кеңесшiсi қызметiн атқарған Фарах Пандит ханымды тағайындағанын да жалпақ жұрт жақсы бiледi. Оның мiндетi Мемлекеттiк хатшыға тiкелей бағына отырып, күллi әлемнiң мұсылмандарымен, соның iшiнде қарапайым адамдармен және түрлi ұйымдармен қалай жұмыс iстеу керектiгi жөнiндегi ойларын жүзеге асырумен айналысу болатын.  Мемлекеттiк хатшы Х.Клинтон арнайы өкiлдi таныстыру кезiнде: «Фарах Пандит – мұсылман жұртшылығымен қарым-қатынасты нығайта түсуде көпжылдық тәжiрибесi бар iскер азаматша. Ол Еуропадағы Ислам қауымдастықтарымен қоян-қолтық араласа жүрiп, экстремизмге қарсы тұру мәселесiмен етене айналысқан» деп ерекше сенiм артқаны бар.
Өткен аптада Мемлекеттiк хатшы Х.Клинтонның мұсылман қауымдастығы жөнiндегi  арнайы өкiлi Фарах Пандит облысымызға үш күндiк iссапармен келдi. Пандит ханым ең алдымен Шымкент қаласындағы А.Қаттани атындағы орталық мешiтке атбасын бұрып, облыс имамы Бейбiт Мырзагелдиевпен кездестi. Екi жақты жылы шырайлы әңгiме өрбiттi.
Арнайы өкiл  Ислам дiнiне деген жаңаша бетбұрыстың  АҚШ-та  ерекше қарқын алғанын айтты.  Америка президентi Барак Обаманың Нью-Йорктағы 11 қыркүйекте шабуылға ұшыраған Дүниежүзiлiк сауда үйiнiң маңынан мұсылмандар мешiтiн салуға қолдау бiлдiргенiн жеткiздi.  Сондай-ақ, оның  Ақ үйде алғаш рет ауызашар бергенiн де мақтанышпен тiлге тиек еттi.
— Рамазан – мейiрiмдiлiк пен мейiрбан айы. Хадисте: «Кiмде-кiм ораза ұстағандарға қамқорлық етiп, ауыз аштырса, ифтар ауызашар бергенi үшiн Алла тағаланың ризалығына кенелiп, мол сауап алады» делiнген. Демек, бұл жерде бiз  АҚШ Президентi Барак Обаманың   Ислам дiнi туралы пiкiрi, түсiнiгi, iлiмi,  құрмет-қошеметi ерекше екенiн байқаймыз, — дейдi облыстық А.Қаттани атындағы  мешiттiң бас имамы Бейбiт Мырзагелдиев.
Облысымыздағы дiни ахуалмен етене танысуды мақсат еткен Фарах Пандит ханым мұнан соң рухани астанамыз Түркiстан қаласына атбасын бұрып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесiне тәу еттi.
Президент жап-жақсы уағызшы екен
Жалпы, соңғы жылдары Еуропа халықтарының  Ислам дiнiне аса ден қойып келетiнi байқалады.  Бiрнеше мемлекетте жаңадан мешiттер бой көтерiп, намазхандардың қатары жыл санап көбейiп келедi.
Жуырда Ливия Президентi Муамар Қаддафи Италияға жасаған iссапарында еуропалықтарды Мұхаммед пайғамбардың үмметi болуға шақырды. Қаддафи сапар барысында көпшiлiкпен кездесу өткiзiп, Ислам дiнi туралы кеңiнен әңгiме өрбiттi. Бiр қызығы, осы уағызға толы жылы сұхбаттан кейiн  бiрнеше бойжеткен Ислам дiнiн қабылдапты.
Бес нәрсе бұзады
Ғибадат жасаған әрбiр пенде парыздардың, уәжiптердiң, сүннеттердiң бұзылмауына жауапты болуы керек. Бұларды бiлмесе жасаған ғибадаты дұрыс болмайды.  Мәселен,  оразаның басталуы уақытынан аяқталуға дейiнгi аралықта оразаны бұзатын  нәрселерден тыйылу қажет. Хадис шәрифте былай бұйырылған: «Бес нәрсе оразаның сауабын жояды. Олар: өтiрiк айту, сөз тасу, ғайбат, басқа әйелге құмарлықпен қарау және жалған ант iшу».
Ораза тұта алмасаңыз фидя төлемiн өткiзiңiз
Жалпы, ораза (арабшасы – саум) сөзiнiң тiлдiк мағынасы – бүтiндей өзiн тыю. Ал шариғи-терминдiк мағынасы – ниет ете отырып, тамақ жеуден, сусын iшуден және жыныстық қатынасқа түсуден таң атқаннан күн батқанша өзiн тыю. Сонымен қатар әйелдерге қатысты шарты – бойы етеккiр немесе босану қанынан таза болу. Ал қарттық жеңiп, мүлде ораза тұта алмайтын дәрежеге жеткен мұсылманға және денсаулығы тәулiк бойы сусыз және тамақсыз жүруге мүмкiндiк бермейтiн кiсi фидя төлемiн берумен мiндетiнен құтылады.
Фидя – мiскiн мұсылманға күнiне екi рет тамақ беру. Фидяны күнде,  яки бiр мезгiлде алпыс мiскiнге тамақ берiп құтылса да болады. Бұл жөнiнде Құранда: «...Және оразаға (кәрiлiгiне немесе денсаулығына байланысты) шамасы келмейтiндер бiр мiскiннiң тамағын төлесiн. Ал кiм ынтығып, артық қайыр етсе, ол өзiне жақсы. Бiлсеңдер, сендер үшiн ораза  ұстауларың тағы жақсы...», – делiнген.
5-iнен 6-сына қараған түн – Қадiр түнi
Қадiр түнi – мұсылман қауым үшiн қасиеттi түн. Бұл туралы Құранда «Қадiр түнi» деген арнайы сүре де бар. Осы сүреде  мағынасы  жақсы түсiндiрiледi.
— Құран Кәрiм осы Қадiр түнiнде түскен. Бұл түн мың айдан артық. Мың ай – сексен үш жылдық өмiрдi құрайды. Яғни, сол түндi күткен адам сексен үш жылдық сауапқа кенеледi деген сөз. Сол түнi барлық игi iс үшiн Алла тағаланың рұқсатымен жер бетiне перiштелер түседi. Ол таң ағарып, қылаң бергенге дейiн жалғасады, - дейдi облыс имамының орынбасары Бекайдар қажы  Қымбатов. – Жер бетiне перiштелер түседi.
Осы перiштелердiң өз арасында дәрежесi ең жоғары төртеуi бар. Солардың бiрi — Жебiрейiл.  Мұхаммед пайғамбарымызға Алла тағаланың хабарларын жеткiзген де осы перiште. Құранның ең алғашқы аяттарын жеткiзген де осы Жебiрейiл.  Сол себептi оның да осы түнi жер бетiне түсуi Қадiр түнiнiң қасиеттiлiгiн байқатса керек.
Қадiр  түнiн қалай күту  керектiгiн  бiлу де өте  маңызды. Өйткенi, бiлместiкпен көп адамдар Қыдыр ата келедi екен,  дастархан жайып қойып, әйтеуiр ұйықтамай отыру мiндеттi деп түнiмен жатып алып кино көрiп шығу жайттары да кездесетiнi жасырын емес. Бұл түнi қанша ұйықтамасаң да уақытты бекерге өткiзбеу өте маңызды. Айталық, Алладан  елiмiздiң, жерiмiздiң, тiлiмiздiң, дiлiмiздiң, көршi-қолаң, ағайын-туыс, үй iшiмiздiң амандығын тiлегенiмiз абзал екен.
Шiлде...
Нөкерлерiн ерткен Хажжаж  Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетiп бара жатып бiр бұлақтың басында тынығуды жөн санапты.
Дастархан жайылғанда Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар бiреу-мiреу кезiксе шақырыңдар, астан ауыз тисiн» дейдi нөкерлерiне. Құлдық ұрған қызметшiлерi ескi шапанды иығына iлген бiреудi тауып, ұйықтап жатқан жерiнен оятып, ертiп келедi.
Хажжаж оған:
–  Кел, бiрге тамақтанайық, - дейдi.
Ол «жемеймiн» деп астан бас тартты. Хажжаж себебiн сұрағанда, «Менi бұдан да артық дастархан күтiп тұр» деп жауап бередi кембағал.
— Ол қандай дастархан? - дегенде:
— Алла тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекiткен жанмын, — дейдi.
— Мынадай ми қайнаған уақытта қайтiп ауыз бекiтiп жүрсiң? — деп таңырқағанда, ол:
— Иә, қияметтiң ыстығынан қорғану үшiн  шыдап, ораза ұстап жүрмiн, — деп жауап берген екен.
Ең ұзақ ораза
Жаз бойы күн ұясына қонуға асықпайтын Скандинавия елдерi iшiнде Швеция, Норвегия және Финляндияның солтүстiк аймақтарында тұратын мұсылмандардың оразасы қазiргi уақытта 20 сағатқа созылады. Ал Швецияның солтүстiгiндегi Кируна қаласында дiни басқармасының интернет сайтында көрсетiлген уақыт бойынша Рамазан айының алғашқы күнi сәресi 03.48-де аяқталып, ауызашар уақыты 22.18 деп көрсетiлген.
Тарауих намазы болса 23.33-те оқылады. Елiмiздiң уақыт белдеуiнiң айырмашылығына байланысты Қазақстанның оңтүстiгi мен солтүстiк, батыс пен шығыс аймағында тұрып жатқан мұсылмандардың да ораза тұту сағаттарында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан газеті Дерттiң дауасы — екi тамшы вакцина http://ontustik.kz/view.php?id=6154 Tue, 07 Sep 2010 10:46:17 +0600 Денсаулық сақтау министрлiгi осы жылғы 6-10 қыркүйек аралығында  6 жасқа дейiнгi балаларды полиомиелитке қарсы егу апталығын өткiзбекшi.  Иммундау апталығын жедел әрi тиянақты өткiзу мақсатында елiмiздiң барлық облыстарына  министрлiктен кураторлар жiберiлдi. Бiздiң облысқа арнайы iссапармен келген  ҚР ДСМ жұқпалы ауруларды қадағалау басқармасының бастығы Айтмағамбет Жолшоринов  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  департаментiнде журналистермен баспасөз мәжiлiсiн өткiздi.
Министрлiктiң бес күндiк қысқа мерзiм iшiнде шұғыл түрде иммундау апталығын өткiзуiнiң себебi неде?
– 2002 жылы полиомиелитке қарсы ауқымды жұмыстар жүргiзiлiп, бұл диагноз республика көлемiнде кездеспегендiктен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)  Қазақстанда бұл кесел жоқ деп жариялаған болатын. Әйтсе де, Тәжiкстанда басталған iндет Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерiне таралғандықтан алты жасқа дейiнгi балаларды полиомиелитке қарсы қосымша егудiң қажеттiлiгi туындап отыр, – дейдi Айтмағамбет Жолшоринов.
Эпидемиологтардың айтуынша, полиомиелит вирусы санитарлық жағдайы нашар жерлерде таралып, бiрнеше сағаттың iшiнде адамды толықтай сал  етедi екен. ДДҰ мәлiметi бойынша, 1 тамызға дейiн Тәжiкстанда полиомиелиттiң 452 жағдайы тiркелсе, оның iшiнде бес жасқа дейiнгi 20 сәби көз жұмған.
Аталған кеселдiң белгiлерi дене қызуының көтерiлуiмен, әлсiздiкпен, бас ауруымен, құсумен, iш өтуiмен, аяқ-қолдың тырысуымен бiлiнедi. Вирус алдымен iшекте көбейiп, сосын жүйке жүйесiн зақымдайды екен.
Бүгiнде елiмiзде iндеттiң алдын алу шаралары бойынша нақты жұмыстар жүргiзiлуде. ЮНИСЕФ-тiң қолдауымен үнпарақ, бүктемелер, баспа материалдары  дайындалып, елiмiздiң барлық аудандары мен қалаларына таратылды. А.Жолшориновтың мәлiмдеуiнше, Бельгиядан әкелiнген ең тиiмдi вакцина ДДҰ-мен сертификатталыпты. Иммундау апталығын өткiзуге мемлекет есебiнен 64 млн. теңге бөлiнiп, республика бойынша 1 млн. 800 мың балаға вакцина егу жоспарланыпты. Ал, бiздiң облысқа 429100 доза вакцина алынып, 351284 сәбиге егу жасалмақшы.
Көршiлес Тәжiкстаннан Қазақстанға жыл басынан берi 25682 адамның өтуi бұл кеселден қауiп бар екенiн ескертсе керек.  Сондықтан облыстың санитарлық-карантиндi пункттерiнде ТМД елдерiнен келген, егу жасалғаны туралы сертификаты жоқ 15 жасқа дейiнгi балалар профилактикалық егумен қамтылуда.
Апталық қалай өтедi? Жергiлiктi жерлердегi емханалар мен медициналық пункттерде бiр реттiк жаппай иммундау тегiн жүргiзiледi. Бар болғаны баланың аузына тамызылған  тәп-тәттi екi тамшы вакцина сәбиiңiздiң өмiрi мен денсаулығын сақтап қала алады.
Полиомиелит сырқаты мүгедектiкке,  тiптi өлiмге соқтыратындықтан медицина қызметкерлерi ата-аналардың  6-10 қыркүйек аралығында өтетiн апталыққа үлкен жауапкершiлiкпен қарағанын қалайды. Бас эпидемиолог дiни орталықтар мен мешiт қызметкерлерiнiң де бұл шарадан қалыс қалмауын назарда ұстайтынын жеткiздi.
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан газеті ҚР Білім және ғылым министрлігі аймақтағы өрттен зардап шеккен ресейлік оқушыларға гуманитарлық көмек көрсетті http://ontustik.kz/view.php?id=6153 Mon, 06 Sep 2010 15:17:33 +0600
Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақаралық ынтымақтастығының YII  форумы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі ТМД-да ықпалдасу үдерістерін дамыту туралы Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отыра, аймақтағы өрттен зардап шеккен ресейлік оқушыларға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Жоғары оқу орындарының, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының , республикалық мекемелердің, балалардың құқығын қорғау жөніндегі департаменттердің ұжымдары, педагогтар мен студенттер аталмыш акцияға қолдауларын білдірді.
Ресейдің оқушыларына мектеп формалары, сөмкелер, дәптерлер, бояулар, сурет дәптерлері мен жалпы салмағы 10 тонна, 12 млн. теңге көлеміндегі мектепке қажетті басқа да құрал-жабдықтар жіберілді.
ҚазАқпарат
«Еуро-2012»: Қазақстан құрамасы сырт алаңда Австриямен ойнайды http://ontustik.kz/view.php?id=6152 Mon, 06 Sep 2010 15:13:28 +0600
Ертең футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын сырт алаңда Австриямен өткізеді. Бұл біздің команданың іріктеу турниріндегі екінші матчы. Жерлестеріміз бірінші кездесуін қыркүйектің 3-і күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында Түркия құрамасымен өткізіп, 0:3 есебімен ұтылып қалған болатын.
ФИФА-ның соңғы жариялаған рейтингі бойынша, Автрия құрамасы 60-шы орында тұр, ал Қазақстан құрамасы болса 125-ші сатыда орналасқан. Ертең, сондай-ақ біздің топта Германия-Әзербайжан және Түркия-Бельгия құрамалары өзара шеберлік байқасады. Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында біздің команда биыл Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Германиямен, сондай-ақ Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түсуде.
ҚазАқпарат
ҚР Денсаулық сақтау министрі маусымдық тұмауға қарсы егуді қыркүйектің 15-інен кейін бастауға кеңес берді http://ontustik.kz/view.php?id=6151 Mon, 06 Sep 2010 15:12:16 +0600
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Жақсылық Досқалиев маусымдық тұмауға қарсы егуді қыркүйектің 15-інен кейін жүргізуге кеңес берді. Бұл туралы ол бүгін, 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы иммундаудың ұлттық күнінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Мен маусымдық тұмауға қарсы жыл сайын егілемін және екі аптаның ішінде иммунитет қалыптасуы үшін егу, қыркүйектің 15-інен бастап жүргізілуі тиістігін айтамын. Тұмау жылдан жылға өз генотипін өзгертіп келеді. Баршаңызды егілуге шақырамын», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, егілуден кейін адамда тұмауға қарсы иммунитет 6 айға дейін қалыптасады.
ҚазАқпарат