Header
kazruseng
Akimat
ГлавнаяArhivnovosteiGossimvoliAntikrizisnie_meropriyatiyaGoszakupki

  title
147.03147.77
186.80190.55
4.7454.843

Жалобы

Салауатты Қазақстан

support

our_products

organs

Сервисы

Сервисы


Біздің сауалнама
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі ең маңызды бағыттарын атаңыз?
ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен ынтымақтастығы
-------------------------------
Экологиялық мәселелерді шешу
-------------------------------
Демократияландыру мен азаматтық қоғамның мәселелерін алға жылжыту
-------------------------------
Көліктік ынтымақтастықты кеңейту
-------------------------------
Қауіпсіздікке төнетін қауіпке қарсы аймақаралық ынтымақтастық

 

 

s
Міндеттерді үйлестіру

Отырар ауданы әкімі, оның орынбасарлары және аудан әкімі
аппаратының басшысы арасында  міндеттерді  бөлу.

Аудан  әкімі

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде аудан аумағында жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдерінің, Республика Үкіметінің қаулылары мен актілерін, облыс әкімінің шешім, өкімдерін облыстық әкімдіктің қаулыларын және аудандық мәслихаттың шешімдерін жүзеге асыру жөнінде іс-қимыл жасайды.
Ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес ауданның даму бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыруға басшылық етеді. Экономика мен элеуметтік салада реформаларды жүзеге асыруды, дағдарысты жағдайларды жеңу жөніндегі жұмыстарды ретке келтіреді.  
Аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының басшысын, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан  әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, ауыл әкімдерін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады, аудандық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметіне, аудан аумағында орналасқан ҚР министрліктері мен ведомстволары аумақтық органдарының қызметіне басшылық жасайды. 
Ауданның келешектегі дамуын анықтауды, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуды тексеріп отыруды, өндірістік кешендер мен ауылшаруашылығында ғылым мен техника салаларындағы шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарын жасайды, инвестициялық және кадрлық саясаты қамтамасыз етеді.
Мыналардың  қызметіне  басшылық жасайды :

              Аудандық  әкімдік  жұмысына ;
Ішкі істер бөліміне.

             Мыналармен бірлесе іс қимыл жасайды.

              Прокуратура ;
Аудандық сот ;
Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілімен.

 

І.  Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік ресурстарын аумақтық басқару, өнеркәсіп, энергетика, көлік, байланыс, сәулет, коммуналдық шаруашылық  кешендері
     Аудан әкімінің орынбасары ____________________  мына  мәселелерді  жүргізеді.

  1. аудан әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін кадрлар жөнінде іріктеу, зерттеу және ұсыныстар енгізуді ;
  2. аудан әкімдігінің саясатын аумақтық басқарудың барлық деңгейінде ауылдарда жүзеге асыруды ;
  3. аудан әкімі аппараты мен ауыл әкімдері қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуді;
  4. ауыл әкімдері қызметін талдауды ;

5) аудандық атқарушы, өкілді органдар жүйесінің ұйымдық құрылымдарын жобалауды;

  1. агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруды
  2. ауылшаруашылығына мемлекеттік бақылауды ;
  3. мелиорация және су шаруашылығы ;
  4. агроэкологиялық шараларды ;
  5. азық-түлікпен ауданның қажеттілігін қамтамасыз етуді, тасып жеткізуді, сақтауды,

       қайта  өңдеу мен  таратуды, кешеннің барлық қайта  өңдеу буындарын теңдестіре
дамытуды;      

  1. агроөнеркәсіп кешені  қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуді ;
  2. агроөнеркәсіп кешені экономикасындағы мемлекеттік емес сектордың дамуы мен

       тиімді қызмет  жасауын ;

  1. өнеркәсіп, энернетика, көлік, байланыс, құрылыс пен коммуналды шаруашылық 

       тардың экономикалық бағдарламасын  жүзеге асыруды ;

  1. кешен  кәсіпорындарының нарықтық инфрақұрылымдарының  басқару механизімін 

       қалыптастыруды ;

  1. кешен кәсіпорындарының   дамуы мен салааралық  байланысы ;
  2. кешен салаларында мемлекеттік бақылауды;
  3. тұтыну нарығы  мен  қызмет  көрсету  саласын ;
  4. материалдық - техникалық жабдықтауды ;
  5. төтенше  жағдайларды.

       Мыналардың жұмысына басшылық жасайды.

 20)   ауылшаруашылық бөліміне ;
21)   сәулет және қала құрылысы бөліміне ;
22)   тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөліміне ;

  1.    құрылыс бөліміне ;
  2.    жер қатынастары  бөліміне ;
  3.    экология және биоресурстар өкілдігі жұмысына ;

 26)   «Отырар-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны  жұмысына;
27)    кешен салаларындағы мемлекеттік секторға ;
28)    төтенше жағдайлар  штабына .

           Мына қызметтерді  үйлестіреді

  29)    аудан әкімі аппараты, ауыл әкімдері басқару органдарының ;
30)     кешен салаларын материалдық-техникалық жабдықтау органдарының ;
31)     кешен салаларының мемлекеттік емес секторының ;
32)     еңбек қорғау жөніндегі жұмыстардың ;
33)     өнеркәсіпшілер одағына  (шаруалар одағы) ;
34)     ведомоствалық бағынысына және меншік нысанына қарамастан     
кешен салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары жұмыстарын

    

    ІІ. Қоғамдық - саяси және әлеуметтік сала  кешені.

         Аудан әкімінің орынбасары  Ж. Асылбек мына  мәселелерді жүргізеді.

  1. әлеуметтік - қоғамдық ішкі саясатты ;
  2. ауданның әлеуметтік саласындағы экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруды ;

    3)  ауданның білім беру;
4)  ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуды;
5)   отбасы жұмысына ;
6)   мәдениет және тілдерді дамыту, жастар ісі жөніндегі  жұмыстарға

 

    7)   спорт, денешынықтыру, саяхат істеріне ;

  1.  аудан әкімдігінің саясатын аумақтық  басқарудың барлық деңгейінде ауылдарда жүзеге  асыруды ;
  2.  ауданның әлеуметтік саяси аймақтық байланыстарын  дамытуды.

          Мына  қызметтерге  басшылық  жасайды :

   10)    ішкі саясат бөліміне ;
11)     мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне ;
12)     білім   бөліміне ;
13)     дене шынықтыру және спорт бөліміне ;
14)     денсаулық сақтау бөліміне ;
15)    тіл және ономастика жөніндегі  жұмыстарға ;
16)     мұрағат  бөліміне .

            Мына  қызметтерді  үйлестіреді :
17)     бұхаралық ақпарат  құралдарының ;
18)     қоғамдық және саяси ұйымдардың ;
19)     орта, кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарының ;
20)     мектепке дейінгі балалар  мекемесінің ;
21)     емдеу орындарының, фармация ;
22)     санаториялық  сауықтыру жөніндегі жұмыстарын.

  1.       
  2.    ІІІ.    Экономика  кешені

             Аудан әкімінің орынбасары Л. Тоқбергенова мына мәселелерді жүргізеді:

  1. аудан экономикасын дамыту жөнінде бағдарламалар жасақтау және оларды   жүзеге асыруды;
  2.   аудан әкімдігінің экономикалық саясатын жасауды және жүзеге асыруды,    
  3.   айқындаушы жоспарлау болжамдары мен олардың орындалуын бақылауды;
  4.   бюджеттік қаржы және баға саясатын құрастыру;
  5.   аудан, ауыл әкімі аппараттарының бірыңғай қаржы жүйесін басқаруды ;
  6.   кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыруды ;

7)   еңбекақылар мен жалақылардың дұрыс тағайындалуын  қадағалау және
олардың уақтылы  берілуін қамтамасыз ету;
8)   зейнетақы мен жәрдем ақылардың төленуі заңдылықтың  сақталуын қадағалау ;
9)   нарық инфрақұрылымын қалыптастыруды ;
10)  экономиканың мемлекеттік емес секторының дамуы мен тиімділігін арттыруды ;                        
11)  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуды ;

          Мына қызметтерге басшылық  жасайды :

12)   экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ;
13)   кәсіпкерлік бөліміне;
14)   жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөліміне;
15)   қаржы бөліміне ;
16)   салық комитетіне;
17)   статистика  бөліміне

           Мына қызметтерді  үйлестіреді :

18)   халықтық жинақ банк филиалы мен  ІІ  деңгейдегі банктердің  қызметтерін ;
19)  аудандық  қазынашылық бөлімінің ;
20)  тауарлық қорлар мен сауда кәсіпорындарының ;
21)  кәсіпкерлер одақтарының ;
22)  қайырымдылық қорларының жұмыстарын
23)  бір терезеден  қызмет көрсету жұмысын үйлестіреді.

 

ІУ. Аудан әкімі аппаратының басшысы А. М. Құдайбергенов
мына мәселелерді жүргізеді:

1. Бекітілген регламентке және ережелерге сәйкес аудан әкімі аппараты бөлімдері мен қызметтерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
2. Аудан әкімі аппаратының, аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
3.  Құжатнамамен   қамтамасыз етудің орындалуын бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, аудан әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
4.  Іс жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді  іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді.
5. Азаматтардың хаттары мен өзге өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді.
6. Өз құзіреті шегінде аудан әкімі аппаратының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, аудандық мәслихатпен және ауыл округтері әкімдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

7. Мыналардың :
1)  ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің;
2) жалпы бөлімнің;
3)  әкімшілік бөлімнің жұмысына тікелей басшылық жасайды.

8. Мыналарды :
1)  аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарын иеленуге конкурс өткізу жөніндегі комиссияны;
2)  аттестациялық комиссияны;
3)  тәртіптік комиссияны;
4)  мемлекеттік қызмет стажын есептеу жөніндегі комиссияны басқарады.

Аудан әкімі орынбасарларының өзара міндет алмасулары.

Ш. Оспановты   - Ж. Асылбек,  ол болмаған жағдайда   Л. Тоқбергенова

            Ж. Асылбекті   -    Л. Тоқбергенова,  ол болмаған жағдайда  Ш. Оспанов

           Л. Тоқбергенованы  - Ш. Оспанов,  ол  болмаған  жағдайда   Ж. Асылбек   
алмастырады 







Poslanie

Akims's blog

Баннерлер
OSCE
ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ
Электронное правительство
Библиотека нормативных правовых актов
Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС
Ассамблея ЮКО
ВОВ
Положение
Электронная сатистическая отчетность
www.goszakup.gov.kz
www.fingramota.kz
IFK
Регламент
С дипломом в село
Мин эконом развития
Қызметтер
Аэропорт
Темиржолы
Poster
Әкім | Президенттің Жолдаулары | Жаңалықтар мұрағаты | Әкімге сұрақ қою
s

Akorda.kz | Zakon.kz | Bnews.kz | E-gov.kz | www.government.kz | Облыстық басқармалары